Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ЕНДІ «АШЫҚ ЖӘНЕ АДАЛ ЕМХАНА» БОЛАДЫ

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ЕНДІ «АШЫҚ ЖӘНЕ АДАЛ ЕМХАНА» БОЛАДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өйткені дейді, аталған емханада «Түркістан — Адалдық алаңы» жұмыс істейді екен.

Түркістанның қалалық емханасында басқасын былай қойғанда, енді «ашықтықты қамтамасыз ету» жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс орталығында жұмыс сапарымен жүрген Агенттік жанынан құрылған Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов Түркістан қалалық емханасының жұмыс барысымен танысу барысында атап өтті.

Елордалық қонақ Төлеген Зинешұлы озық үлгіде салынған қалалық емхананың ішін аралап, заманауи үлгідегі жабдықтары мен цифрландыру жұмысына куә болды.

Емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев медициналық ұйымда цифролизацияның алдыңғы қатардағы жаңартулары, соның ішінде инфокиоск, куаркод, онлайн хабарлау, колл центр, тікелей Кмис-ке қосылған терминал, автодозвон, ПУШ және науқастарға СМС — хабарлама жеткізу ісі мен тіркеу орындарының қысқа мерзім ішінде оң өзгерістер мен жаңартулармен толықтырылғанын айтып өтті.

Республикалық кеңсе жетекшісі қалалық емхана қызметімен танысып, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына жоғары баға берді.

Айта кетсек, аталған емханада «Түркістан — Адалдық алаңы», «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылған және емделушілердің бүлдіршіндері үшін арнайы ойын алаңдары жұмыс істейді.

Сондай-ақ, емдеу мекемесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да әлеуметтік қолдау көрсетілуде, яғни триаж жүйесі ашылған.

Бүгінде қала тұрғындарының денсаулығын сауықтыру жолында қалалық емханада жалпы саны 1300-ге жуық қызметкер сапалы қызмет көрсетуде.
Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы ақ халаттылардың жауапкершілігін еселей түсіп, талай жанның ауруынан айығып кетуіне мүмкіндік сыйлауда.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ АЛТЫ АЙДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР ТІРКЕЛМЕГЕН

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі