Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ «САРЫАҒАШ» ШИПАЖАЙЫНДА ДЕМАЛЫҢЫЗ!

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ «САРЫАҒАШ» ШИПАЖАЙЫНДА ДЕМАЛЫҢЫЗ!
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаштың брендке айналған шипалы суын бүгінде білмейтіндер кемде-кем. Желмаясына мініп, Жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыз кезінде Келеске келіп, бірнеше күн қонақта болған деседі. Сонда сулы, нулы өлкенің табиғатына, саф ауасына тәнті болып, халқының қонақжайлылығына, жомарттығына, еңбекқорлығына тамсаныпты. «Бал татыған суың-ай, Қалың қамыс нуың-ай», депті сүйсініп. Кетерінде қазыналы қария «сыйса өңгеріп-ақ әкететін жер екен» деп қасиетті мекенмен қимай қоштасыпты. Көне аңыз осылай дейді.

Сол Сарыағаштың суындай пайдалы ем Қазақстанда жоқ дейді ғалымдарымыз. Оның минералды суының түрлі дертке дауа екенін шетелдіктер де әлдеқашан мойындаған. Ғылыми түрде зерттеу жүргізіліп, дәлелденген. Курортты аймаққа емделуге жылына кем дегенде 70-80 мың адам келеді. Қарапайым еңбек адамынан бастап, беделді тұлғаларға дейін жиі атбасын бұрады мұнда. Жылына екі мәрте осында демалып кететін Елбасымыз 2002 жылы шипажайға келген сапарында «Сарыағаш – нағыз халықтық санаторий» деп жоғары бағасын берген екен. Расында жыл он екі ай бойы еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар үзілген емес. Жерасты суы мың бір ауруға ем болғасын, тұрақты келетіндер көп. Әсіресе, ағзадағы ішек, асқазан аурулары, сосын өтін алдырғандар үшін таптырмайтын мекеніңіз осы саялы Сарыағаш.

«Сарыағаш» емдеу-сауықтыру шипажайына әдейілеп бардық. Айнала жасыл желек. Қақпадан кіреберістен-ақ тынысың кеңиді. Ауа таза. Шырша көп. Ем қабылдап, табиғат аясында серуендеп, енді бірі велосипед теуіп, бассейнде балықша жүзіп жүр. Бізді қарсы алған шипажайдың Даму және көркемдеу бөлімінің жетекшісі Бахыт Шеракимов журналистер қауымына жақын жүретін ізетті, білікті азамат екен. Өзі Алматыда, Бурабайдағы президенттік шипажайларда жауапты жұмыстар атқарыпты. Шипажайдың терең тарихынан сыр шертіп, жоспарларымен бөлісті.

Үлкен бассейн қысы-жазы қызмет көрсетеді..

Шипажай аймағы көгалға толы, қыдыратын жолы керемет. Самал желі бойыңа қуат дарытатындай. Қолымыздағы баклашкадан шипалы суды қайта-қайта ұрттап қоямыз. Бірнеше құтысын тауысып тастадық. Шіркін-ай дейсің. Ішсең шөліңді қандыратын, ішпесең сағындыратын сусын осындай-ақ болар. Бахыт Шеракимовтың айтуына қарағанда, бүгінде «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешенінде 674 адамға арналған 8 корпус бар. Кең асханасы бір мезгілде 800-100 адамды қабылдай алады. Мұнда вип-шипажайлар да жетерлік. «Aray Deluxe» – соның бірі. Бес жұлдызды конақүйге көбірек ұқсайды. Аумағында мейрамхана, кинотеатр, бизнес-орталық.

Көктерек ауылында жыл сайын шипажайлар көбейіп келеді екен. Бүгінде олардың саны 30-ға жуық. Көрсетілетін қызметтері мен жатын орындарына байланысты бағалары әртүрлі. Кеңес Одағынан бері келе жатқан «Сарыағаш», «Арман» сияқты шипажайларда халық көп келетін көрінеді. Бағасына келсек, «Сарыағаш» шипажайында 10 күнге – 80 мың тг. Қыстың кезінде жеңілдіктер жасалады.              Тағы бір айта кететіні, «Сарыағаш» шипажайы мұндағы дербес минералды қайнар көзі бар үш шипажайдың біреуі екен (қалған екеуі – «Aray Delux пен» және «Алтын бұлақ»). Өзгелері суды осы аталған жерлерден тасымалдайды. Шипажай ішінде бювет бар, дәрігерлер тамаққа дейін жарты сағат қалғанда минералды су ішкен пайдалы дейді. Мұнда демалушылар үшін арнайы бір мезетте 50 адамды қабылдау мүмкіндігіне ие, Сарыағаш аумағы бойынша ең үлкен, жалғыз жабық қауыз (бассейн) орналасқан. «Сарыағаш» шипажайы Шымкент қаласынан 130 км, Ташкент қаласынан 18 км жерде. Сенбі-жексенбі күндері жергілікті Иса ата ыстық әулие бабаның бейітіне, Қазығұрт басына, Үкашата, Арыстанбаб, Түркістандағы Қ. А. Ясауи кесенесіне, сондай-ақ Ташкент, Самарқандқа экскурсиялар жасалынады.

Тарихына тоқталып өтейік. Алғашқыда, 1946 жылы мұнай іздеушілер кездейсоқ ашқан минералды ыстық су үш-төрт жылдай айдалаға атқылап ағып жатыпты. Жергілікті халық осы суға түсіп, «жабайы» жолмен емделіп сауыққан екен. Кейіннен 1949 жылы Ташкент ғалымдары суды зерттеуге кіріседі. Судың емдік қасиетін білген соң 1951 жылдың көктемінің аяғында аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастамасымен ұзындығы – 25, ені 10 метр хауыз (бассейн) салынған. Сол жылы жаз айында минералды су емханасының құрылысы басталып, 1952 жылдың қаңтарынан емделушілерін қабылдай бастайды. Сол кездегі Республика үкіметінің басшысы Д.Қонаевтың табандылығының арқасында Келес өзенінің сол жағалауынан жаңа қоныстың орны таңдалып, 1959 жылы «Үлкен Сарыағаштың» құрылысы басталады. Араға төрт жылдан астам уақыт салып, 1963 жылы қазіргі шипажайдың алғашқы үш корпусы мен емханасы пайдалануға беріліпті. Шипажай ұжымы біртуар қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орай емдеу-оңалту кешенінің орталық алаңына бюстін орнатып, құрмет білдіріп, сауапты іс жасаған.

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат — «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру шипажайы — бүкіл елімізге танымал сауықтыру орны. Биыл аталған шипажайға 50 жыл толып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ширек ғасырлық тарихы бар шипажай жылына 20 мың адамды қабылдайды.

Атаулы мерекеге орай шипажайда «Қазақстан республикасындағы реабилитация қызметін дамытудағы ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі ұйымдастырылып, өткізілді. Мерейтойлық жиынға Болгария, Ресей, Туркия, Румыния, Украина,  Өзбекстан Қырғызстан секілді жиырмаға жуық елден қонақтар арнайы келді. Мәртебелі меймандар әуелі «Арай Делюкс» шипажайының мәжіліс залында бас қосып, өзара пікір алмасты. Шетелдіктердің айтуынша, «Сарыағаштағы» арасан минералды суы, физиоемдері, жанға жайлы ауасы және емдік балшығы — адамның он екі мүшесіне дауа. Мәселен, болгар елінде сумен емдейтін төрт шипажай ғана бар екен.   Оның өзі 7 млн-дай халқы бар болгариялықтарға аздық ететін көрінеді. Жиын барысында Болгария елінің «Нови Пазар» ауруханасының басшысы мен «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешенінің директоры Бағлан Батыршаев медицина саласы бойынша сауықтыру орталықтарындағы дәрігерлерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды.

Меморандум медициналық қызмет саласында тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды, семинарлар мен отырыстар өткізуді, біріккен бағдарламалар әзірлеуді, екі елдің сауықтыру орталықтарының қызметкерлеріне арналған өзара курстар мен тренингтер ұйымдастыруды қарастырады. «Болгарияның сауықтыру орталықтарында сіздер білмейтін, ал сіздердің шипажайларыңызды біз білмейтін емдеудің әдіс-тәсілдері бар. Міне осыған орай тәжірибе алмасу мақсатында одан қалса екі елдің қарым-қатынасын жақсарту үшін келіп отырмыз», — дейді «Нови Пазар» ауруханасының басшысы Атанас Атанасов.

Тарихи тамыры тереңге тартқан «Сарыағаш» шипажайының 50 жылдық мерекесі мәдениет сарайында жалғасын тауып, онда еліміздің ақын-жазушылары мен қаламгерлері, депутаттар, сондай-ақ еліміздің құрметті азаматтары қатысты. Аудан әкімі мен мерекеге келген қонақтар емдеу-оңалту кешенінің 50 жылдық мерекесімен құттықтап, осы салада талмай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Шипажай әкімшілігінің бастамасымен осы мерейтойға орай жолдама ақысы жыл соңына дейін 20 пайыздық жеңілдікпен ұсынылуда.

     Жібек жолы бойындағы Сарыағаш өңірі – арғы-бергі тарихымыздағы талай игі жақсы­лары­мыздың табаны тиіп, ізі қалған киелі, көне мекен. Әріректен сөз қозғасақ, желмаясына мініп, Жер­­­ұйық іздеген Асан қайғы бабамыздың Келес бойын: «Бал татыған суың-ай, Қалың қамыс нуың-ай», деп тамсана жырлауы бұл өлкенің шы­бық шаншысаң шынар өсетін нулы да сулы жер екенін паш етсе керек. Өткен ғасырдың ортасына таман Сарыағаш ара­са­нының ашылуы республика жұрт­шы­лығына кеңінен танымал, еліміздің оңтүстігіндегі іргелі емдік-сауықтыру орны – «Сарыағаш» ши­пажайын дүниеге әкелді. Содан бергі уа­қытта бұл шипажайда 780 мыңнан астам адамның табандарының табы қалғанын, осы сауық­­тыру орнынан ем алып, дерттеріне шипа тап­қандарын мақтаныш тұтамыз.

      Жібек жолы бойындағы Сарыағаш өңірі – арғы-бергі тарихымыздағы талай игі жақсы­лары­мыздың табаны тиіп, ізі қалған киелі, көне мекен. Әріректен сөз қозғасақ, желмаясына мініп, Жер­­­ұйық іздеген Асан қайғы бабамыздың Келес бойын: «Бал татыған суың-ай, Қалың қамыс нуың-ай», деп тамсана жырлауы бұл өлкенің шы­бық шаншысаң шынар өсетін нулы да сулы жер екенін паш етсе керек. Өткен ғасырдың ортасына таман Сарыағаш ара­са­нының ашылуы республика жұрт­шы­лығына кеңінен танымал, еліміздің оңтүстігіндегі іргелі емдік-сауықтыру орны – «Сарыағаш» ши­пажайын дүниеге әкелді. Содан бергі уа­қытта бұл шипажайда 780 мыңнан астам адамның табандарының табы қалғанын, осы сауық­­тыру орнынан ем алып, дерттеріне шипа тап­қандарын мақтаныш тұтамыз.

2002 жылдың 24 қазаны «Сарыағаш» курортының тари­хындағы елеулі күн болып жазылып қалды. Осы күні Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Оңтүстікке келген сапарында курортқа атбасын алғаш рет бұрып, оның тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Бас корпус алдындағы қысқа жүздесуінде:

«…Сарыағаштың шипалы суына сенім мол. Маған жыл сайын осы курортта жиырма мыңнан астам қазақстандықтың саулықтарын түзеп қайтатынын айтты. Бұл «ауырмаудың жолын іздеудің» бір бағыты осы жаққа жетелейтінін көрсетеді. Баршаңызға   денсаулық     тілеймін.   Сарыағаш халықтық санаторий екен. Оны әлі жақсартып, көркейтеміз», дегені ел есінде жат­­талып қалды. Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы осы сөзімен сауықтыру орны­ның гастроэнтрологиялық, уронефрологиялық аурулар жиі кездесетін біздің республикамыз үшін маңыздылығын дөп басып айтып, курорттың алдағы уақытта заман талабымен үндесе жаңғыруына ыңғайлы жағдай туғызылып, қажетті қолдау таба­тындығын меңзегендей әсер қал­дырған еді. Бүгінгі күні, яғни араға небәрі он бір жыл салып, ол шындыққа айналды. Сол ке­зеңде курортта төрт санато­рий қызмет атқарса, қазір олардың саны он сегізге аяқ бас­ты. Курорт орналасқан Көктерек кенті көр­кейіп, аз уақыттың ішінде сәнді курорт – қаланың сұлбасы көріне бастады. Кешегі нарықтың қыс­пағына, бүгінгі әлемдік дағдарысқа қарамастан Сарыағаш еліміздегі курорттардың брендіне айналып, ем алу мен дем алудың, тыны­ғудың барлық талаптарына сай орталық ретінде дамып келеді.

Жанға жайлы, тәнге дәру беретін Сарыағаш шипажайы өзінен-өзі біте салған дүние емес. Оның да өз бастауы, өзіндік өмір­баяны бар екені белгілі. 1946 жылы мұнай іздеушілер кездейсоқ ашқан минералды, ыстық су үш-төрт жыл бойы айдалаға атқылап ағып жатты. Осы суға түсіп, «жабайы» жолмен емделіп сауыққандар, арасанның алғашқы ақысыз «жарнамашылары» еді. 1949 жылы Ташкент ғалымдары суды зерттеу­ге кіріседі. Судың емдік қасие­тін білген соң 1951 жылдың көкте­мінің аяғында аудандық денсау­лық   сақтау бөлімінің бастамасымен 7 ұңғыманың жанынан ұзындығы – 25, ені 10 метр хауыз (бассейн) салынды. Суға түсу дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілді. Сол жылы жаз айында минералды су емханасының құрылысы басталып, 1952 жылдың қаңтарынан емделушілерін қабылдай бастайды. 250 адамға арналған бір қабатты, майда құрылыстар жүргізіліп, ол Сарыағаш бальнеоемханасы аталды. Осы кезеңде қазақтың өлкелік патология институтының ғалымдары да минералды судың буын-тірек, жүйке, ас қорыту мүшелерінің, тері және кәсіби уланулардағы тиімділігін анықтау бағытындағы жұмыстарын бас­тайды. Олардың арасында         М.Қай­­рақбаев, С.Замятин, Т.Му­лагулова, И.Железников, Т.Рус­­манова, А.Адырхаев, т.б. ға­лымдар болды. 1953 жылы өлкелік патология институтының директоры Б.Атшабаровтың ұйым­­­дастыруымен институт қыз­­мет­­керлерінен шипалы судың әр­­түрлі ауруларға емдік тиім­ді­лігін тексеретін экспедиция құ­рылды. Оған басшылыққа меди­цина ғылымдарының кандидаты А.Соколов тағайындалды. Қа­зақстанның Орталық мемле­кеттік мұрағаты қорынан табылған экспе­диция басшысының шілденің 4-ін­де жоғарыға жолдаған рапор­т­­­­­­­­­ының қазақ тіліне аударылған нұс­­қасында былай делінеді: «Са­рыағаш минералды су көзі, алдын ала мә­ліметтер бойынша, Қа­зақстанның аса бағалы су кө­­зі болып табылады. Алайда, су­ды пайдалану ешқандай ме­ди­циналық талаптарға сай кел­мейді. 520С температурадағы ми­­нералды су, алдын ала суытыл­майды. Амбулаториялық сыр­қат­тардың көпшілігін (қазіргі уақытта 300-ден астам сырқат бар) экспедицияның 3 дәрігерінің қарап шығуына мүмкіндіктері жоқ. Су көзі аумағын санитарлық қадағалау белгіленбеген».

Өзбекстан да өз жерінен бұр­ғылау барысында «Сарыағаш» суының абсолютті баламасы «Таш­минводы» минералды суы­ның көзін ашты. Осылайша, жер астындағы бір қайнар көзден екі көрші елдің жерінің бетіне шыққан емдік су екі атауды иеленді. Сарыағаш бальнеоемханасының жанынан «Жылы су» деген ауыл (Қазір «Көктерек» кентінің, ол бөлігі «Ескі курорт» деп аталады) пайда болды. Сөйтіп, елеусіз мекен ел назарына ілігіп, дертіне шипа іздегендердің сан тарау жолы осында тоғыса бастады. Дегенмен, «Ескі курорт» сауықтыру орнына қойылатын талаптарға сай емес еді. Жаңа құрылыстардың ауадай қажеттілігі туындай бас­тады. Жаңадан, үлкен санаторий салу мәселесі пісіп-жетілген сәтте Қазақстан Министрлер Ке­ңе­сінің төрағасы Д.А.Қонаев «Ескі курортқа» келеді. Бұл 1958 жылдың 30 қарашасы еді. Осы жолы Дінмұхамед Ахметұлы өңір басшыларымен бірге Сарыағаш минералды суына иелік етіп, оны республика халқының игілігіне, денсаулығын жақсартуға қолдану үшін ауқымды жұмыстар атқару керектігіне көз жеткізеді. Қонаев­тың Сарыағашқа сапарының куә­гері, сол кезде санаторийде бас есеп­­ші қызметін атқарған Қалдар Кө­кеев ақсақал былай деп еске алады:

«Жанында облатком төрағасы Іскендіров, аупарткомның бірін­ші хатшысы Бисембаев бар. Ша­ғын асханада бас дәрігеріміз Қа­сымбековпен бірге төрт-бес кісі қарсы алдық. Алақаны күректей кісі екен, бәрімізге қол беріп аман­дас­ты. Сарыағаш жөніндегі жайларға қаныққан Димекең аудан басшысына қарап: «…Осы маңайдан шипа­жай ашсақ, ел Кисловодскіге қаңғырып несі бар. Мына айдаладан үлкен курорт салуға көп күш, қаражат қажет. Шымкенттен арнайы осы курорттың құрылысымен ғана айналысатын мекеме ашың­дар. Құрылысшыларды жұмыстан соң үйді-үйіне жеткізіп салу үшін арнайы жабдықталған кө­лік болсын. Іске бүгіннен бас­тап кірісуіміз керек. Жабыла кіріс­песек, Сары­ағаштан шығып жатқан минералды судан айырылып қалатын түріміз бар», деді. Артынша бір ай өтер-өтпестен, 1959 жылдың 4 қаңтарында Алматыдан Рыж­ков деген кісі қасына он адам ер­тіп келіп, болашақта салынуы тиіс курорттың жобалау құ­нын есептетті». Жаңа құрылыс «Үлкен Сарыағаш» деп аталып, «Ескі курорттан» 1,5 шақырымдай солтүстікте, Келес өзенінің сол ж­ағалауына жақын жерден басталды. Жүздеген адамның қажырлы еңбегінің арқасында 1959 жылдың 1 наурызында басталған «Үлкен Сарыағаштың» құрылысы араға төрт жылдан астам уақыт салып, дәлірек айтсақ, 1963 жылдың 16 қарашасында шипажайдың алғашқы үш корпусы мен минералды су емханасы бітіп, пайдалануға берілді. Осы игілікті істің жүзеге асуына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қосқан үлесі ересен. Санаторий ұжымы қайталанбас қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орай емдеу-оңалту кеше­нінің орталық алаңына бюстін орнатып, «Үлкен Сарыағашқа» сіңірген еңбегін ескерді.

Санаторий өміріндегі осынау айтулы оқиғаға биыл 50 жыл толады. Осы жылдарда санаторийдің өсіп-өркендеуіне бағытталған қы­руар шаруалар атқарылды. Ол шаруалардың жүзеге асуына ұжыммен бір­лесе аудан, облыс, республи­ка басшылығы да көп тер төк­кені Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұрағатының қорын­дағы құжаттарға түсіріліп, қат­таулы тұрғанын көзіміз көрді. Кейінгі жылдары тағы жаңадан алты корпус салынып, санаторий сыйымдылығы 630 орынға жетті. 500 орындық асхана мен кинозал, мың адам арасан суын бір мезгілде ішуге арналған, бұл күндері Сарыа­ғаш курортының символына айнал­ған «бювет» құрылыстары жүргізілді. Балшық емханасы салынып, «Қосқақ» көлінің тұнбалы балшығымен емдеу жолға қойылды. 2010 жылдың   жазында жаңарған емхана ашылды. Шағын қалашықтай санаторийде жыл сайынғы ағымдағы жөндеулер аз болмады. Бірін жөндеп бітсе, екіншісі дайын. Эстетикалық жағдайларға көңіл бөлініп, тиімділік пен үйлесімділік ескерілді. Әр маманның жасаған еңбегіне, кәсіби санатына қарай жалақы төлеу заң аясында жол­­ға қойылып, еңбек тәртібі кү­шейтілді. Санаторийдің емдік мүмкіндіктерін халықаралық стан­дарттарға сай деңгейге көтеру жолдары іздестірілді. Дәрігерлерді дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту жүйелі жүргізілді. Емдеу жұмысында клиникалық нұсқаулықтар мен клиникалық хаттамалар енгізілді. Жаңа ем­дік-диагностикалық құралдар сат­ып алынды. 2011 жылы бас корпустың тиімсіздеу қолданыста болған «Б» блогына реконструкция жасалынды. Бірінші қабаттан демалушыларға ыңғайлы тіркеу орын ашылды. Зертхана, УЗТ, стоматология бөлімдері осында орналасты. Санаторий өміріндегі осынау айтулы оқиғаға биыл 50 жыл толады. Осы жылдарда санаторийдің өсіп-өркендеуіне бағытталған қы­руар шаруалар атқарылды. Ол шаруалардың жүзеге асуына ұжыммен бір­лесе аудан, облыс, республи­ка басшылығы да көп тер төк­кені Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұрағатының қорын­дағы құжаттарға түсіріліп, қат­таулы тұрғанын көзіміз көрді. Кейінгі жылдары тағы жаңадан алты корпус салынып, санаторий сыйымдылығы 630 орынға жетті. 500 орындық асхана мен кинозал, мың адам арасан суын бір мезгілде ішуге арналған, бұл күндері Сарыа­ғаш курортының символына айнал­ған «бювет» құрылыстары жүргізілді. Балшық емханасы салынып, «Қосқақ» көлінің тұнбалы балшығымен емдеу жолға қойылды. 2010 жылдың   жазында жаңарған емхана ашылды. Шағын қалашықтай санаторийде жыл сайынғы ағымдағы жөндеулер аз болмады. Бірін жөндеп бітсе, екіншісі дайын. Эстетикалық жағдайларға көңіл бөлініп, тиімділік пен үйлесімділік ескерілді. Әр маманның жасаған еңбегіне, кәсіби санатына қарай жалақы төлеу заң аясында жол­­ға қойылып, еңбек тәртібі кү­шейтілді. Санаторийдің емдік мүмкіндіктерін халықаралық стан­дарттарға сай деңгейге көтеру жолдары іздестірілді. Дәрігерлерді дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту жүйелі жүргізілді. Емдеу жұмысында клиникалық нұсқаулықтар мен клиникалық хаттамалар енгізілді. Жаңа ем­дік-диагностикалық құралдар сат­ып алынды. 2011 жылы бас корпустың тиімсіздеу қолданыста болған «Б» блогына реконструкция жасалынды. Бірінші қабаттан демалушыларға ыңғайлы тіркеу орын ашылды. Зертхана, УЗТ, стоматология бөлімдері осында орналасты. Баскорпустың тағы бір бөлігі – күндізгі стационар ашылды. Мұнда ФГДС, қанды лазермен тазалау, ЭКГ, емдеуші дәрігер, егу бөлмелері пайда болды.

Емдеу-оңалту кешеніндегі барлық корпустарға заман талабына сай жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деген бастапқы жоспарды жалғастырып, 2013 жылдың басынан санаторийдің ең үлкен 170 орындық 6-шы корпусына күрделі реконструкция жасадық. Келешекте осы корпустың ішінен дәмхана, емхана салынып, ем алу, тамақтану мәселелері осында шешілмек. Емдеу-оңалту кешенінде жыл сайын 20 мың­ға жуық қазақстандықтар ден­саулықтарын жақсартып қай­туы жалғасын табуда. Емдеу тиімділігі 99 пайызға жетті. Бұл да «Сарыағаш» шипажайының халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға қос­қан үлесі деп ойлаймын.

Деніне саулық іздеген жандарға әрдайым көмек қолын созған Сарыағаш күні бүгінге дейін бірде-бір рет өз мерейтойын өткізбепті. Мерейтой дегеніміз, қаражат шашып, дара­қылықпен өтетін жиын емес. Ол ұжымның өткені мен жеткенін зер­делейтін, келешегінде күтіп тұр­ған істерге екпін алатын, бір сәт «біз осыны атқара алыппыз-ау» деп марқаятын шуақты, ша­быт­ты шақ болып есте қалса керек. Заң­ғар жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Орта Азия көлемінде Сарыағаш суына пара-пар ешбір су жоқ», деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Бүгін­де Сарыағаш шипалы суымен елі­міз­ге ғана емес, әлемге танылып отыр.

Бағлан БАТЫРШАЕВ,

«Сарыағаш» емдеу-оңалту кешенінің бас директоры, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН. САРЫАҒАШТА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ЦИФРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ТЕЛЕМЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі