Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН. САРЫАҒАШТА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН. САРЫАҒАШТА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында перинаталды орталық салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды.

«Облыс үшін маңызды нысан – Сарыағаш қаласындағы орталық аудандық аурухана жанынан 240 төсек-орынға арналған перинаталды орталық құрылысы. Жыл сайын Сарыағаш ауданында облыс бойынша туудың ең жоғары көрсеткіші тіркеледі. 2020 жылғы көрсеткіш 1 мың тұрғынға 31,9-ды құрады. Сарыағаш ауданында перинаталды орталық ашу Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының жүкті әйелдеріне білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, аталған аудандарда 723 926 адам тұрады. Бұл — облыс тұрғындары жалпы санының 35 пайызы.

«Сонымен қатар Арыс және Сарыағаш қалаларында бір ауысымда 500 келушіге арналған 2 үлгілік емхана салу жоспарланып отыр», деді министр.

Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ерекше аталып өтуде. Аудан көлемінде салтанатты түрде бірнеше жаңа нысанда ашылып, пайдалануға берілді.

Соның қатарында Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ елді мекеніндегі 25 адамға медициналық алғашқы көмек көрсете алатын дәрігерлік амбулотория. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Мереке қарсаңында ауданымызда әлеуметтік маңызы бар тағы бір нысан ашылды. Дәрігерлік амбулаторияның ашылуы көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге, сапалы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық пен амандық тілеймін. Еліміз жыл сайын дамып, өркендей берсін, — деді аудан басшысы.

Дәрігерлік амбулатория осы елді мекен тұрғындарының саулығын қамтамасыз ету үшін, медицина мамандарының бар білімі мен біліктілігін салуға мүмкіндік бергелі отыр. Өйткені заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған амбулатория әрбір азаматтың диагнозын нақты анықтап, тиісті ем-шараларды дер кезінде қабылдауына жол ашпақ.

Шара барысында қуанышты бөлісуге келген аудан басшысына ауыл тұрғындары өз ризашылығын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ақ батамын берді. Алдағы уақытта дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы пунктке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ «САРЫАҒАШ»,ШИПАЖАЙЫ

Келесі жаңалық

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ «САРЫАҒАШ» ШИПАЖАЙЫНДА ДЕМАЛЫҢЫЗ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі