Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚ ЕЛШІСІ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

2 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚ ЕЛШІСІ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Түркістан облысында «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт саулығының тетігі» тақырыбындағы  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен  өткен шараға Прага қаласындағы Халықаралық білім беру институтының директоры, профессор Марина Канушина және Қазақ Тағамтану академиясының ғалымы Майгүл Қайнарбаева қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық конференцияда сондай-ақ өңірдің медицина мекемелерінің басшылары мен денсаулық сақтау саласының өкілдері де болды. Шара барысында тұңғыш рет «Денсаулық Елшісі» атағы берілді. Өңірде  салауатты өмір салты қағидаларын насихаттайтын елшілер атағына таэквандодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылы Жакартада өткен Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Әлем Кубогының қола жүлдегері Нұрлан Сайлаубайұлы мен облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Шерімұлы, «Бізбен бірге!» еріктілер мектебінің төрайымы Жасмин Асқарқызы мен Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Жанболат Бердібайұлы ие болды.

«Салауатты өмір салтын дәріптеуге атсалысу әркімнің өз қолында. Біз бұл мәселеге баса назар аударуымыз қажет. Өңірімізде аурухана, емхана саны артқанымен, бұл аурудың азаюына алып келмейді. Сондықтан ұлт саулығының тетігі — салауатты өмір салтын ұстануды мақсат тұтуға міндеттіміз»,- деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Жаңа титул иелері алдағы уақытта халықтың салауатты өмірге бет бұруына бағыттайтын іс — шараларға үлес қосып жаңа серпіліс бермек. Сонымен қатар жиынға қатысушылар «Пайдалы өнімдер» көрмесінің жұмысымен танысты.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКИЯ – ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ АПТАСЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕР БАУЫРЫНДА КИСТА БАР ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ОТА ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі