Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕР БАУЫРЫНДА КИСТА БАР ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ОТА ЖАСАДЫ

2 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕР БАУЫРЫНДА КИСТА БАР ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ОТА ЖАСАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық балалар ауруханасында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды. Сәби Келес аудандық ауруханасынан жедел түрде облыстық балалар ауруханасының жаңа туған нәрестелер реанимация бөліміне ауыстырылған. Нәрестеде туғаннан бірінші сағаттарда ішкі ағзада қан кету белгілерінің болуы, қан анализінде гемоглобиннің түсу белгілері, тері жамылғысының бозғылт болуы, әлсіздік байқалған. УДЗ тексеру нәтижесінде іш қуысының көп мөлшерде сұйықтықтың жиналу белгілері анықталған. «Нәрестеге жедел операция алдында дайындық жүргізіліп, ота жасалды. Операция барысында іш қуысында көп мөлшерде қан сұйықтығының болуы және негізгі себебі бауырдың оң жақ бөлігінде туа пайда болған кистасы бар екені анықталды. Операция жедел қан кетуді тоқтату мен кистаның энуклеациясымен аяқталды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, нәресте 14 тәулікте толығымен жазылып анасымен үйіне шығарылды», — делінген хабарламада. Бауырдың туа біткен паразитарлық емес кистасы ауруы жаңа туған нәрестелерде өте сирек кездеседі. Педиатриялық тәжірибеде бұл құрсақ қуысының раритетті кездейсоқ ісігі болып саналады. Көп жағдайда бұл ақау симптомдарсыз өтеді. Жаңа туған нәрестелерде, кейде бұл ақау белгілері өмірінің бірінші сағаттарында симптомдары белгілі болып, жедел хирургиялық араласуды қажет етеді. Хирургиялық араласудың негізгі мақсаты – «бауыр кистасының энуклеациясы», яғни, ағзадан жедел қан кетуді және ісіктің қайта өсуін (рецидив кисты) тоқтату. Еске салайық, Түркістан облысы балалар ауруханасының дәрігерлері туғанына 10 күн болған нәрестенің жүрегіне ашық ота жасаған еді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚ ЕЛШІСІ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

ДҮНИЕЖҮЗІНЕН КЕЛГЕН ДӘРІГЕРЛЕР ТҮРКІСТАНДА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі