Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ота залына балаларды ерекше әдіспен кіргізіп жатыр.
Кішкентай пациенттердің ота алдындағы қорқыныш сезімін болдырмау мақсатында түркістандық дәрігерлер тың тәсілді ойлап тапты. Ота залына «Сен қаһарман батыр боласың» деп белгілі мультфильм кейіпкерлерінің киімін кигізіп, кіргізе бастады. Тың тәсілді облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері арнайы симпозиумнан үйреніп келген.
«Операция ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық Симпозиумына қатысқан дәрігерлеріміз жинақтаған тәжірибелерін іс-жүзінде жұмыстарына қолданып жатыр. Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген бүлдіршіндер операцияға көтеріңкі көңіл күймен кіруде. Бұл әдісті әлемнің озық елдері де қолданысқа енгізген. Жалпы тың тәсіл оң нәтиже береді деп сенеміз», — дейді дәрігерлер.



