Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ВАКЦИНАДАН БАС ТАРТҚАН 47 АЗАМАТ ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРДЫ

10 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ВАКЦИНАДАН БАС ТАРТҚАН 47 АЗАМАТ ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі балалар. Бұл туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

Жыл басынан бері өңірде 299 адам қызылша жұқтырған. Оның 81,2 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Қазіргі таңда өңірдегі 172 104 бала вакцина алған. Бұл екпе алуға міндетті балалардың 91,1 пайызын құрайды.

«Облыста қосымша жаппай иммундаудан бас тартушылар жоқ. Дегенмен, 12-18 айлық және 6 жастағы балаларға салынатын жоспарлы қызылшаға қарсы вакцинадан 560 азамат бас тартқан. Қызылшамен ауырғандардың 68,1 пайызын вакцина салдырмағандар құрап отыр. Жыл басынан бері екпеден бас тартқан 47 адам қызылшамен ауырды. Өңірде өлім жағдайы тіркелмеді» — деді Нұрбек Нышанов.

Бүгінде қосымша жаппай иммундаумен қамтамасыз ету мақсатында облысқа Үндістан елінде шығарылған 170 230 доза вакцина жеткізілген. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласының мамандары жергілікті дін өкілдерімен және тағы да басқа құзыретті органдармен бірлесіп, вакцинадан бас тартушылар арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізіп жатыр.

Ал, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қызылшамен науқастанушылармен байланыста болғандардың барлығы 21 күнге медициналық бақылауға алынып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, дертке 4 жасқа дейінгі балалар жиі шалдығатынын айтты. Инфекцияның тіркелуі балабақшалар мен мектептерде де орын алған.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты облыстағы медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын саны қосымша 407-ге көбейтілген. Қазір ауруханаларда жалпы 1032 төсек-орын бар.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ОПЕРАЦИЯҒА СУПЕРМЭН КЕЙПІНДЕ КІРЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ТӨҢІРЕГІНДЕ ҚЫЗЫЛША ДЕНДЕП ТҰР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі