Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: «КҮННЕН – ЖҮРЕККЕ»

28 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: «КҮННЕН – ЖҮРЕККЕ»
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда Қазақстан балалар жүрегін емдеу жөніндегі мамандар қоғамының «Күннен – жүрекке: балалар кардиохирургиясы мен кардиологиясындағы коммуникациялар» атты ІІ Халықаралық Конференциясы өтті.

Тәжірибелік жиында Ресей, Беларусия, Польша, Қырғызстан және еліміздің басқа да қалаларынан жиналған кардиолог, кардиохирург және интервенционды кардиолог дәрігерлері балалардағы жүрек ауруларын емдеудегі өзекті мәселелерді талқылап, біліктіліктерімен бөлісті.

Түркістан облысында жыл басынан бері 108 сәбидің жүрегіне ота жасалған. Өңірде кардиохирургия саласы қарқынды дамып келеді.      Түркістан облыстық балалар ауруханасында туа біткен жүрек кемістігі бар балаларды тасымалдаудың жол картасы әзірленіп, дәрігерлердің Қызылорда мен Тараздан жүрек кемістігі бар нәрестені санавиация бортымен тасымалдау тәжірибесі бар. Ауруханада кардиореанимация бөлімшесі ашылып, онда жаңа туған нәрестелерді күрделі және ұзақ ашық жүрекке операциядан кейін күтеді.

Айта кетейік,бұл тәжірибе алмасу жұмыстары Түркістан облысының балалар кардиохирургиясы дамуының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Конференция аясында Түркістан облыстық балалар ауруханасында еліміздің бас балалар кардиохирургі «University Medical Center» корпоративтік қоры балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбуновтың қатысуымен жаңа туған нәрестелерге күрделі оталар жасалды.

Сондай-ақ «University Medical Center» корпоративтік қоры, балалар кардиологы, педиатрия бойынша медициналық директоры Иванова-Разумова Татьяна бастаған бір топ білікті мамандардың қатысуымен жүрегінде ақауы бар балаларға диагностикалық тексерулер жүргізіліп, консультация берілді.

Жүрек ақауымен есепте тұратын балалардың ата аналары мен шаранасындағы балада жүрек ақауы анықталған жүкті әйелдер үшін арнайы “пациент мектебі” өткізіліп, кеңестер берілді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ОКСФОРДТА ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ

Келесі жаңалық

НЕРВ ЖҮЙЕСІ ЗАҚЫМДАНҒАН: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ 13 ЖАСАР ҚЫЗДЫ АЯҚҚА ТҰРҒЫЗДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі