Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 МЫҢҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

28 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 МЫҢҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша еліміздегі көш бастап келеді. Өткен жылы аймақта 56 мыңға жуық нәресте туған. Ал, 2024 жылдың алғашқы 5 айында 20 мың 859 сәби дүние есігін ашқан. Бұл жайында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді.

«Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі. Бүгінгі таңда облысымызда 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астам әйел жүкті болып тіркелген. Сонымен қатар, 182 жасөспірімнің жүктілігі тіркеліп отыр. Осындай ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірімізде 24-30 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы өтпек»- деді Бауыржан Нұрланұлы.

Апталықтың басты мақсаты — халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу. Сондай-ақ, қазіргі таңда еліміздегі 10 миллионнан астам әйелдің 4 миллионнан астамы фертильді жастағы әйелдер болса, 6 миллионға жуығы балалар екенін жеткізді ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚҚ Түркістан облысы «Әйелдер кеңесі” төрайымы Баян Жандосова.

Сонымен қатар, апталықтың ашылуына арнайы келген ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесi Назым Жанғазинова ата-ана мен бала арасында жоспарланбаған жүктілік жөнінде ашық әңгіме болуы керектігін айтып, ұлт болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР ҮШ ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ БӨЛШЕКТЕНГЕН САУСАҚТАРЫН ЖАЛҒАП БЕРДІ

Келесі жаңалық

ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАНДОСОВА БАЯН МЕН ЖАНҒАЗИНОВА НАЗЫМ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі