Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАНДОСОВА БАЯН МЕН ЖАНҒАЗИНОВА НАЗЫМ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

28 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАНДОСОВА БАЯН МЕН ЖАНҒАЗИНОВА НАЗЫМ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА  РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

Group of medical staff carrying health related icons

0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері Жандосова Баян мен Жанғазинова Назым Түркістан қаласында  репродуктивті денсаулық апталығы акциясын бастады.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері сөз сөйледі. Баян Жандосова өз сөзінде «Репродуктивті денсаулық апталығы» акциясы туралы айтты:

«2024 жылғы 24 маусымнан 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Іс-шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Апта аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады», — деді Баян Жандосова.

Ұлттық комиссия мүшесі Назым Жанғазинова өз сөзінде Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы ерте жыныстық дебюттің орташа жасы 16,5 жасты құрайтынын атап өтті:

«15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17% кем дегенде бір рет жүкті болды, олардың 62% жүктілікті босанумен, 22% жасанды түсікпен аяқтады, 16% жағдай өздігінен түсік тастаумен аяқталды.

Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында босану саны 37% — ға төмендеді (2019 ж. 1812-ден 2023 ж. 1508-ге дейін). Сонымен қатар, халықтың ұлттық репродуктивті мінез-құлқын зерттеу жасөспірімдердің қазіргі контрацепциямен қамтылуының 30% төмендігін көрсетеді», — деп түсіндірді ұлттық комиссия мүшесі Назым Жанғазинова.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 МЫҢҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі