Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Нұралхан Көшеров бастаған Түркістан облысының делегациясы Қытайдағы ірі өндіріс орындарын аралады.

19 июня, 2025
in Uncategorized
0
Нұралхан Көшеров бастаған Түркістан облысының делегациясы Қытайдағы ірі өндіріс орындарын аралады.
0
SHARES
69
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясындағы Линьи қаласында орналасқан бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Делегация ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін «Shandong Huasheng Zhongtian» зауытымен, электр желілеріне арналған металл тіректерді шығаратын кәсіпорын және көше жарығын қамтамасыз ететін жабдықтар өндірісімен де танысты. Барлық өндірістік орындар заманауи технологиялармен жабдықталған және өнімдерін сыртқы нарыққа экспорттайды. Компания жоғары берік әрі ұзақ мерзімділікке негізделген металл тіректерді өндіреді. Бұл электр желілері мен қоғамдық жарықтандыру секторларында қолданылады. Көшелерге арналып арнайы LED шамдар мен толық жарық жүйелері шығарылады, қалалар мен өнеркәсіптік аймақтарды жарықтандыруға қолданылады.
Күн сәулесінің жарықдиодты шамдары – күн сәулесін электр энергиясына түрлендіреді, экологиялық таза.
Облыс әкімі Түркістан облысында жаңадан салынып жатқан зауыт, фабрикаларға ыңғайлы жарықтандыру құралдарын кеңінен пайдалану жолдарын қарастыруды құптап, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.

Түркістан облысында жергілікті инфрақұрылымды жаңғырту бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Былтыр өңірде 21 мыңнан астам көше шамы орнатылып, оның 14 мыңға жуығы бюджет есебінен, қалғаны демеушілік есебінен іске асырылды. Биыл қосымша 7 522 көше шамын орнату жоспарланған. Шетелдік жаңа технологияны өңірде қолдану жолдары қарастырылады.

Сондай-ақ облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегация ауыл шаруашылығы техникасы көрме орталығына да барып, әмбебап бензин қозғалтқыштары, бау-бақша, саябақ және орман шаруашылығы техникаларының соңғы үлгілерін көрді.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа өндірістер ашу, технология трансфері және кадрлар даярлау мәселелері бойынша нақты ұсыныстармен алмасып, келіссөздер жүргізді.
Түркістан облысы әкімдігі шетелдік серіктестермен тығыз байланыс орнатып, өңірге инвестиция тарту және жаңа өндірістерді іске қосу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды басты мақсат ретінде қойып отыр.

Айтып өту керек, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бейжіңдегі жетекші компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізуді. Инвестициялық әріптестікті нығайту және заманауи өндіріс ошақтарын ашу үшін аймақ басшысы кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Қытай тарапы Түркістан облысының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Бизнесін таныстырған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Нұралхан Оралбайұлы әр инвестормен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Жаңа инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді.
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында өте жоғары деңгейде дипломатиялық байланыс орнаған. Қос мемлекеттің басшыларының өзара тығыз байланысы, достығы жаңа жобаларды жүзеге асыруға серпін беруде. Түркістан облысында өндіріс орындарын көбейтуге, жаңа зауыттар мен фабрикалар салуға мүдделіміз. Өңірдің табиғи климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Жібек жолының бойында орналасқан аймақтың кадрлық әлеуеті жоғары және қажетті жұмыс күшін ұсына алады. Қазіргі уақытта біздің облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңіріміздің негізгі инвестициялық алаңдары – 15 индустриалды аймақ және жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы. Жобаларды талқылап, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деген Нұралхан Көшеров инвесторларды облысқа шақырды.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өнімдерін және азық-түлікті қайта өңдеуге арналған жабдықтар, ауыл шаруашылығы бұлтты платформасы, ауылшаруашылық суару, ауыл шаруашылығын автоматтандыру бағытында әлемдік рейтингте көш бастаған компания басшыларымен кездесті. Сондай-ақ мақта шаруашылығындағы “ақылды агротехнологияны” дамыту бойынша жаңа жобалар қаралды.
Бұл бағыттар бойынша өңірдің кәсіпкерлері серіктес болуға дайын. Жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға қатысты бірқатар бастамалар ортаға салынды. Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жоспары талқыланды. Бұдан бөлек, кездесуге қатысқан инвесторлар теңіз өнімдерін өңдеу саласында бірлескен жобаны қаржыландыруға ниетті.
Кездесуде сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы бейнебақылау және жасанды интеллект желісін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы таныстырылды.
Қытайлық компаниялармен іскерлік кездесулер барысында кәсіптік білім беру саласын дамыту жолдары талқыланды. Өңір басшысы техникалық мамандықтарды дамыту үшін серіктестік орнатуға мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.

Сапар барысында делегация әлемге танымал «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» компаниясының зауытыттарына барып, смарт капсулалы үйлер, тасымалданатын модульдік құрылымдар және заманауи туристік инфрақұрылым нысандарының өндірісімен танысты. Компания мен BNK GROUP LTD ЖШС арасында капсулалы үйлерді құрастыру бойынша бірлескен жоба басталып кетті. Алдағы уақытта бұл үйлер Түркістанда «KHAN TAU» брендімен өндірілетін болады. Қазіргі таңда алғашқы дайын өнім Түркістан өңіріне жөнелтуге әзір.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында алдағы уақытта сарымсаққа сұраныс артуы мүмкін

Келесі жаңалық

Түркістан облысы мен шаньдун провинциясы арасындағы ынтымақтастық кеңейеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі