Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында алдағы уақытта сарымсаққа сұраныс артуы мүмкін

19 июня, 2025
in Қоғам
0
Түркістан облысында алдағы уақытта сарымсаққа сұраныс артуы мүмкін
0
SHARES
41
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында алдағы уақытта сарымсаққа сұраныс артуы мүмкін. Себебі, “өңір әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация мүшелері Қытай еліне жұмыс сапары кезінде сарымсақ өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы саналатын «Wanlin Group» компаниясының басшысымен маңызды кездесулер өткізді”-деп, хабарлайды saraptimes.kz сайты.
Қытайдың Шаньдун провинциясының Цзинин қаласында жалғасқан сапар кезінде «Wanlin Group» компаниясының өкілдерімен стратегиялық әріптестік туралы келіссөздер жүргізілді. Өңірдің аграрлық сектордағы инвестициялық жобаларын талқылауға басымдық берілді. Кездесу барысында сарымсақ өсіру және өңдеу бағытында бірлескен жобалар жүзеге асыру мәселесі көтерілді.

Халықаралық компания өз тәжірибелерімен бөлісіп, Түркістан облысының агроклиматтық жағдайын жоғары бағалады. Инвесторлар тарапынан өңірге нақты қаржы салу, заманауи қайта өңдеу зауыттарын салу және экспорттық логистиканы дамыту мәселесі талқыланды. Ұзаққа созылған кездесу нәтижесінде тараптар Түркістан облысында агроиндустриялық кластер құру, сарымсақ өсіру көлемін арттыру, фермерлермен ұзақ мерзімді келісімшарттар орнату және дайын өнімді шетелге экспорттау бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Егер ол мақсат жүзеге астын болса Түркістан өңіріндегі бос жатқан мыңдаған жерге соқа салынып игерілетін болады. Сонымен қатар, жұмыссыз жүрген талай тұрғынның екі қолына бір күрек табылмақ. Өйткені, бір зауыт салып оны жүргізу үшін өндіріс орнын салу ісін айтпағанда өнімге қажетті шикізатты дайындаудың өзі үлкен қол күшін талап етеді. Жұмысшы күші Түркістан облысында аса қиындық тудыра қоймайды. Өйткені өңір еләмізле халқы тығыз, жұмыс күші көп аймақтар қатарында. Сондықтан қайта өңдеу саласын дамыта беруге болады. Ал, шикізат дайындау мәселесіне келгенде ойланатын жағдай бар. Ол ағын су. Өйткені, соңғы уақытта өңір шаруалары ағын судың мәселесіне қатысты көп шағымданады. “Сондықтан дайын өнім өндіруге қажетті шикізатты жинау үшін егіс алқаптарын суландыру жайын жақсарту керек”-дейді мамандар.

Сапар аясында делегация компанияның өңдеу цехтары мен логистикалық инфрақұрылымымен танысып, сарымсақты терең өңдеу мен экспортқа бағытталған өндіріс алаңында болды. Дүние жүзіндегі сарымсақ бағасын реттеу орталығының жұмысымен танысты.
Айтып өту керек, Қытайдың ең ірі сарымсақ өндірушілерінің тарихы тереңде. Компанияның сарымсақ өнімдерін қайта өңдеу, мұздату, кептіру, сақтау және әлемдік нарыққа шығару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Жалпы егістік көлемі – 500 мың га, жылына 8 млн тонна өнім сатуға шығарылады. Экспорт көлемі – $4 млрд. Сақтау қоймасы – 4,8 млн тонна. Сарымсақтан сан алуан түрлі дәрі-дәрмек, дәрумендер шығарады.

“Бүгінгі келіссөздер – Түркістан облысы үшін маңызды бетбұрыс. Біз ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Бұл бастамалар – Президентіміздің ауыл экономикасын көтеру жөніндегі тапсырмасына толық сай келеді. Ең бастысы – ауыл тұрғындарына нақты пайда әкелетін, тұрақты табыс беретін жобаларды іске асыру. Біздің диқандар табиғи өнім өндіруге машықтанған. Енді оларды халықаралық нарыққа шығару үшін жаңа технологиялар мен инвестициялар қажет. Бұл – жұмыс орындарын көбейтуге, ауылдағы табысты арттыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға сеп болады. Біз осыған бар күшімізді саламыз” – деп, түйіндеді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Сапар аясында Түркістан облысының делегациясы қытайлық аграрлық технопарктердің жұмысымен танысып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, логистика мен экспортқа шығару механизмдері бойынша тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ делегация сарымсақ саласына арналған мемлекеттік музейге барып, Қытайдың агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктерімен, сарымсақ өсіру және өңдеу тарихымен танысты. Музей экспозициясында ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі технологиялар мен ғылыми жетістіктер ұсынылған.

Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Жыл сайын ондаған мың гектар жерге сарымсақ, пияз, көкөніс және бақша дақылдары егіледі. Облыста аграрлық секторды әртараптандыру, қайта өңдеу кәсіпорындарын көбейту, суармалы егіншілікті дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы саласына шетелдік инвестиция тартуға барынша жағдай жасалып отыр. 2025 жылы өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемін 30%-ға арттыру жоспарланған.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысындағы демалыс орындарына өңірде құрастырылған капсулалы үйлер орнатылады

Келесі жаңалық

Нұралхан Көшеров бастаған Түркістан облысының делегациясы Қытайдағы ірі өндіріс орындарын аралады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі