Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысы туризм саласына шетелдік инвестиция тартуда

27 июня, 2025
in Экономика
0
Түркістан облысы туризм саласына шетелдік инвестиция тартуда
0
SHARES
78
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы мен ҚХР-ң Туризм қауымдастығы туризмді дамыту бағытында өзара тиімді серіктестік орнатуға ниетті. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай делегациясы арасында өткен ресми кездесуде айтылды. Облыс басшысы Beijing Zhongxing Huizhi International Culture & Tourism Development Co., Ltd., Басқарушы директоры Сюнь Шаньхуамен кездесіп, екіжақты әріптестіктің келешегіне кеңінен тоқталды.
Басқосу барысында тараптар өңірдің туристік әлеуетін көтеру, инвестициялық жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қытай делегациясы сапар барысында өңірдегі тарихи кешендері мен заманауи туристік нысандарды аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму деңгейіне оң пікір білдірді. Түркістан өңірінің тарихи-мәдени құндылықтарына жоғары баға беріп, серіктестікке қызығушылық танытты.
Қазіргі таңда Түркістан облысы Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде танылып келеді. Өңірге келген туристер саны жыл санап артып, бір күндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Мұндай көрсеткіштер туризмді облыс экономикасының жаңа драйверіне айналдыру мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екені анық.
Тараптар кездесудің қорытындысы бойынша ынтымақтастықты тереңдету жөнінде келісімге келіп, алдағы уақытта нақты жобалар бойынша жұмыс істеуге уағдаласты. Егер еске салатын болсақ, осы жылы ҚХР сапары кезінде Түркістан облысының делегациясы бірнеше келісім келісімге келген болатын. Оның ішінде ауылшаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және ет өнімжерін өңдеу салалары бар.
Айтып өту керек Түркістан облысында тек туризм саласына ғана емес өзге салаларда да орындарын басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан облысы әкімдігі тарапынан нақты жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Хайдельберг Материалз Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Михаил Доковты қабылдады. Кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы шикізат орындарын тиімді пайдалану, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту мәселелері сөз болды.
– Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға, жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Компанияның біздің өңірге қатысты жобаларының жүзеге асырылуы, алдағы жоспарлары жайлы білгіміз келеді. Өңірді дамытуға кәсіпорындар да атсалысады деген сенім мол, – деді Нұралхан Көшеров.
«Хайдельберг Материалз Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Михаил Доков атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Қос тарап кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алып, жүйелі жұмыс атқаруға уағдаласты.
Айта кетейік, 7 жыл ішінде Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімі 1 214 млрд теңгені құраса, ауыл шаруашылығының өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Облыс экономикасына 1335,0 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл басынан тартылған инвестиция 387,8 млрд. теңгені құрады.
Инвестиция тек өндіріс саласына ғана емес құрылысқа да қарқынды тартылып келеді. Соның нәтижесі болса керек, облыста әлеуметтік нысандардың құрылысы тоқтаған емес. 7 жылда құрылыс көлемі 3,8 есе өсіп, 536,2 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 140 млрд. теңгені құраған еді. Оның ішінде, жергілікті халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы уақыт аралығында пайдалануға тапсырылған тұрғын үй алаңы 3 есе артып, 1153 мың шаршы метрге жетті. Ал 2018 жылы 388 мың шаршы метр пайдалануға берілген болатын.
Түркістан облысы құрылғалы бері 8449 отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. Ал, жалпы облыста тұрғын үй кезегінде 69 мың азамат тұр. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5000-нан астам отбасы әлеуметтік кредиттік үй сатып алды. Жалға алған баспана ақысын субсидиялау бағдарламасымен (50%) 2 000-нан астам отбасы қамтылды.
Жыл басынан бері өңірде 306,1 мың шаршы метр үй тапсырылды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 1 млн 60 мың шаршы метр 231 көпқабатты тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде, көпқабатты тұрғын үйлер – 428,8 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үйлер есебінен 631,2 шаршы метр салынады. Нәтижесінде, 6 891 отбасы баспаналы болады.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Халықтың көгілдір отынмен, құбыр суына қолжетімділігі артып келеді

Келесі жаңалық

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі