Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты

27 июня, 2025
in Uncategorized
0
Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты
0
SHARES
73
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрады. Осылайша, 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.
Өңір экономикасының өсімі, негізінен, тау-кен, өңдеу, уран өндірістері, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу есебінен орын алды.
5 ай көлемінде Түркістан облысындағы өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Бекітілген жоспар 105,5%-ға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесінде – 280,4 млрд. теңге болса, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемі 259,6 млрд. теңгені құрады. Бұл бағыттағы көрсеткіш алдағы уақытта тағыда ілгерілеуі мүмкін. Өйткені, келешекте Мақтаарал ауданы Атамекен кеден бекеті маңында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылады. Жақында сол орталыққа қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу мәселесі және орталықтың әлеуетін талқылаған алқалы жиын өтті. Онда өңір басшысына орталықта іске асырылатын бірқатар инвестициялық жобалар тізбесі таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
– Бұл – өңіріміз үшін аса маңызды жоба. Жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық әлеуеті артып, кәсіпкерлік дами түседі. Сондықтан Мақтаарал ауданы әкімдігі мен жауапты басқармалар жұмысты жүйелі атқарулары тиіс. Тұрақты қадағаланады, жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
Жиында Облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев инфрақұрылым тарту мәселелері бойынша есеп берді. Өзге басқарма басшыларының да осы бастамаға қатысты есептері мен ұсыныстары тыңдалды.
Айта кетейік, «Орталық Азия» ХӨКО-ның іске асуы өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етпек. Сонымен қатар бұл орталық аймақтың логистикалық әлеуетін арттырып, Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтатын ірі платформа
Өндірістен бөлек Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім бойынша да республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл салада өндірілген өнім көлемі 194,3 млрд. теңгені құрап, өсім 6,3%-ға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 млрд. теңгені құрап, өсім 1,4 есе артты. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 306,1 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 125,5%-ға орындалды. Статистикаға сүйенсек 7 жылда құрылыс көлемі 3,8 есе өсіп, 536,2 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 140 млрд. теңгені құраған еді. Оның ішінде, жергілікті халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы уақыт аралығында пайдалануға тапсырылған тұрғын үй алаңы 3 есе артып, 1153 мың шаршы метрге жетті. Ал 2018 жылы 388 мың шаршы метр пайдалануға берілген болатын.
Түркістан облысы құрылғалы бері 8449 отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. Ал, жалпы облыста тұрғын үй кезегінде 69 мың азамат тұр. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5000-нан астам отбасы әлеуметтік кредиттік үй сатып алды. Жалға алған баспана ақысын субсидиялау бағдарламасымен (50%) 2 000-нан астам отбасы қамтылды.
Жыл басынан бері өңірде 306,1 мың шаршы метр үй тапсырылды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 1 млн 60 мың шаршы метр 231 көпқабатты тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде, көпқабатты тұрғын үйлер – 428,8 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үйлер есебінен 631,2 шаршы метр салынады. Нәтижесінде, 6 891 отбасы баспаналы болады.
Сауда көлемі 269,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,6 есе артығымен орындалды.
Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 209,3 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға артқан.
Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені құрап, 15,2%-ға артты.
Түркістан облысы – тұрақты даму жолындағы мүмкіндігі мол аймақ. Жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады.

Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысы туризм саласына шетелдік инвестиция тартуда

Келесі жаңалық

Түркістан – жылыжай агробазасының жаңа орталығына айналмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі