Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысының жерглікті бюджетіне 114,3 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалды

3 июля, 2025
in Экономика
0
Түркістан облысының жерглікті бюджетіне 114,3 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалды
0
SHARES
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Түркістан облысының жергілікті бюджетіне 114,3 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 114,3 пайызға артығымен орындалды”-деп, хабарлайды Saraptimes.kz тілшісі. Ақпарат өкілінің айтуынша жағымды жаңалық Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Талғат Қозбековтің төрағалығымен өткен алқалы жиында айтылған. Нақтырағы аталған басқосуда 2025 жылдың қаңтар-мамыр айына макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуы және облыс бюджетінің атқарылуы сөз болған.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды.
— Облыс бюджетінің 2 тоқсан қорытындысымен сапалы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық аудан, қала әкімдері және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің заң талаптарына сәйкес бюджет кірістерінің әрбір көзінің сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мерзімінде және сапалы игеру керек. Субъективті себептермен бюджет қаражатының игерілмей қалуына жол бермеу бойынша шаралар заң аясында қабылдау қажет, — деді Талғат Қозбеков.
Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, осы жылдың 5 айында облыс бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрап, республикада 1 орынға шықты. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 5 айдың қорытындысымен Үкіметпен жеткізілген межеге толық қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Жоспар 105,5%-ға орындалды. Өсім өңдеу және тау-кен өнеркәсібі есебінен орын алды.
Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаев облыс бойынша осы жылдың 5 айында жергілікті бюджетке 114,3 млрд.теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 114,7%-ға орындалғанын айтты. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 16%-ға арқан.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы аймақ басшысының тұрақты бақылауында. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Бюджет қаржысының көбеюі өңірдегі өзекті мәселелердің оң шешілуіне де айтарлықтай ықпал етуде. Атап айтқанда соңғы жылдары тек облыс орталығының ғана емес шалғай аудандардағы халықты толғандырған мәселелерде рет-ретімен шешілуде. Мәселен, жақында ғана Мақтаарал ауданында 5 елді мекенге табиғи газ берілді. Жергілікті жұрттың қуанышын еселеген шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысты.
«Бұл — үлкен қуаныш пен маңызды тарихи сәт. Табиғи газдың берілуі — елді мекендеріміздің инфрақұрылымын дамыту жолындағы үлкен қадам. Бұл тек өмір сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге, әлеуметтік және экономикалық дамуға жол ашады. Мемлекет басшысының ел халқын сапалы өмір сүру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалары мен бастамалары нәтижесінде, осындай игі істер жүзеге асып отыр» — деді, Бақыт Насырханұлы.
Жиында аудан басшысы газдың жоспардан ерте қосылуына атсалысқан «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының директоры Ақылбек Абилдиевқа алғысын айтты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары газ алауының жанғанына куә болып, үлкен қошеметтерін көрсетті. Тұрғындардың ризашылығында шек болмады.
Газ берілген елді мекендердің ішінде Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр, Өнімкер елді мекендері және Жаңажол ауылдық округіне қарасты Арайлы, Достық елді мекендері бар.
Жалпы Мақтаарал ауданында 68 елді мекеннің 46-ы газ жүйесімен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 67,6% құрайтын еді. Жаңадан газ қосылған елді мекендердің есебінен бұл көрсеткіш және де артты.
Айта кетейік, 2024 жылы облыстық және республикалық бюджеттен жалпы 6,3 млрд. теңге қаржы қаралып, 19 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың жалпы құны 8,2 млрд. теңгені құрайды, құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Сондай-ақ, қалған газдандырылмаған 4 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысын бастау үшін биыл 891,0 млн. теңге қаржы қаралды.
Міне, осы жұмыстардың арқасында бүгін 5 елді мекенге газ беріліп отыр. Жалпы аталған құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан соң 2026 жылы Мақтаарал ауданы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған: 100-ге жуық жоба жүзеге асуда

Келесі жаңалық

Түркістан облысындағы 372 елді мекеннің интернетке қатысты мәселесі шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі