Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Қытайлық инвесторлар Түркістаннан жедел саты шығаратын зауыт салуға ниетті

23 сентября, 2025
in Экономика
0
Қытайлық инвесторлар Түркістаннан жедел саты шығаратын зауыт салуға ниетті
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қытайлық инвесторлар Түркістаннан жедел саты шығаратын зауыт салуға ниетті. Бұл туралы «Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың өңірге келген қытайлық инвесторлармен болған кездесуінде мәлім болды»-деп, хабарлайды saraptimes.kz. Ақпарат көзінің хабарлауынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірге инвестиция тарту мақсатында Қытай Халық Республикасынан келген ірі өнеркәсіптік компания өкілдерімен келіссөздер жүргізген. Кездесу барысында лифт және эскалаторлар шығаратын жаңа өндіріс орнын Түркістан облысында іске қосу мәселесі қаралды.
Шетел инвесторлары атынан келген делегация заманауи жолаушы және жүк жеделсатылары, эскалаторлар мен траволаторлар өндірісімен айналысатын компанияның өңірдегі өндірісті іске қосуға ниетті екенін жеткізді. Жоба аясында индустриялық аймақ аумағында зауыт салу, қазақстандық мамандарды оқыту, сондай-ақ жергілікті қамтуды кеңейту көзделіп отыр.
Кездесуде облыс әкімі инвесторларға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен инфрақұрылымдық артықшылықтары туралы кеңінен таныстырып өтті.
Атап айтқанда, «TURAN» арнайы экономикалық аймағы, 20-дан астам индустриялық аймақ, сондай-ақ білікті жұмыс күші мен көлік-логистикалық инфрақұрылымның қолжетімділігі шетелдік кәсіпкерлерге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Түркістан – қазіргі таңда Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып жатқан өңірлердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, инвестициялық тартымдылығы артуда. Біз өңірде жаңа өндіріс орындарын ашуға мүдделіміз. Лифт және эскалаторлар өндірісі – бұл импортқа тәуелді салалардың бірі. Облыс аумағында жыл сайын 1 миллион шаршы метр көлемінде тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі. Сондықтан сіздердің бастамаларыңыз өзекті және біз оны толық қолдауға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Қытайлық кәсіпкерлер өз кезегінде жобаны жақын арада іске қосуға ниетті екендерін айтып, құрылыс жұмыстары мен жабдықтарды жеткізу бойынша нақты жоспарларымен бөлісті. Соның нәтижесінде жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, өңірдің индустриялық әлеуеті артады. Сонымен қатар өндірілген өнімдер Қазақстан нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне экспортталуы көзделіп отыр.
Айтп өту керек, бұған дейін облс әкімі Н. Көшеров өңірдегі кәсіпкерлер мен осы салаға жауапты мамандардың басын қосып Қытайға іс-сапармен барған болатын. Сол сапар кезінде облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегация ауыл шаруашылығы техникасы көрме орталығына барып, әмбебап бензин қозғалтқыштары, бау-бақша, саябақ және орман шаруашылығы техникаларын шығару барсымен танысқанды. Сол кезде тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа өндірістер ашу, технология трансфері және кадрлар даярлау мәселелері бойынша нақты ұсыныстармен алмасып, келіссөздер жүргізгенді. Жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған жедел саты салу ісі сол келіссөздердің жемісі.
Түркістан облысы әкімдігі шетелдік серіктестермен тығыз байланыс орнатып, өңірге инвестиция тарту және жаңа өндірістерді іске қосу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды басты мақсат ретінде қойып отыр.
Айтып өту керек, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бейжіңдегі жетекші компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізуді. Инвестициялық әріптестікті нығайту және заманауи өндіріс ошақтарын ашу үшін аймақ басшысы кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Қытай тарапы Түркістан облысының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Бизнесін таныстырған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Нұралхан Оралбайұлы әр инвестормен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Жаңа инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді.
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында өте жоғары деңгейде дипломатиялық байланыс орнаған. Қос мемлекеттің басшыларының өзара тығыз байланысы, достығы жаңа жобаларды жүзеге асыруға серпін беруде. Түркістан облысында өндіріс орындарын көбейтуге, жаңа зауыттар мен фабрикалар салуға мүдделіміз. Өңірдің табиғи климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Жібек жолының бойында орналасқан аймақтың кадрлық әлеуеті жоғары және қажетті жұмыс күшін ұсына алады. Қазіргі уақытта біздің облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңіріміздің негізгі инвестициялық алаңдары – 15 индустриалды аймақ және жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы. Жобаларды талқылап, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деген Нұралхан Көшеров инвесторларды облысқа шақырғанды.
saraptimes.kz.

Алдыңғы жаңалық

Балық бағатындар саны артып келеді

Келесі жаңалық

Түркістан облысында биыл 350-ге жуық жоба іске асырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі