Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Балық бағатындар саны артып келеді

12 августа, 2025
in Экономика
0
Түркістан облысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орынға шықты
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытушылар саны артып келеді.Оған дәлел жақында ғана Келес ауданында– «БозСу Балық Шаруашылығы» уылдырық цехын іске қосты. Кәсіпкер Олжас Әбдіжаппарұлы басшылық ететін бұл жоба 4,8 гектар жер телімінде жүзеге асырылуда. Былтыр кәсіпкерлік нысаны 1 миллион амур шабағын су айдынына жіберіп, нәтижесінде 4 тонна балық өнімі алынды.
Биыл шабақ саны 3 миллионға дейін ұлғайып, олардың 600 мың данасы сатылымға шығарылды. Қалған шабақтардан қосымша 10 тонна балық өнімі алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, инкубаторлық цех іске қосылып, алғашқы кезеңде 20 келі уылдырық өндірілді.
Келесі жылы бұл көлемді 100 келіге дейін ұлғайту жоспарлануда. Кәсіпорында қазіргі таңда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, қауіпсіз еңбек жағдайымен және тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген.
Ірі жобалардың қатарында «Көшім» шаруа қожалығы да бар. Жалпы аумағы 76,2 гектарды құрайтын шаруашылықты Райс Көшімұлы басқарады. Мұнда балық өсірумен қатар, балық өңдеу цехын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Қожалық жылына 32 тонна балық өндіріп, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Ауданда балық шаруашылығымен қатар, өндірістік бағыттағы жобалар да қолға алынған. Соның бірі – «Керуен» өндірістік цехы. Гүлсім Абдурахманова жетекшілік ететін бұл жоба үй-тұрмыстық химия өнімдерін шығару бағытында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда кәсіпорын жылына 700-800 тонна өнім шығарады. Цехта 15 адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы Келес ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан бұл жобалар ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, экономиканың әртараптандырылуына және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде.
Айтып өту керек, Түркістан облысында жасанды жолмен балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары. Балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы – 5706,9 тонна, 2022 – 6120 тонна, 2023 жылы – 6660 тонна тауарлы балық өндірілді. Мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Мәселен, 2023 жылы облыстық бюджеттен акваөсірудің өнім сапасын арттыру мақсатында 31 кәсіпкерге 500,0 млн. теңге, республикалық бюджеттен инвестициялық салымдар кезіндегі балық шаруашылығы субъектілерінің шығыстарын өтеу бойынша 7 кәсіпкерге 123,8 млн. теңге субсидия берілді. Сонымен қатар «Түркістан ӘКК» АҚ-на 14 кәсіпкермен 5,4 млрд. теңге көлемінде несие алуға құжаттар ұсынылып, 5 кәсіпкерге 3,7 млрд. теңге несие беру мақұлданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, облыс әкімдігімен «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Яғни, 2030 жылға дейін, 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға, балық өнімдері экспортының өсімін – 2 есеге, 7,0 мың тоннаға, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін – 100% дейін жеткізу көзделген.
Бағдарлама аясында, кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген 2 балық шаруашылығы су айдындары балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына ауыстырылды.
Сондай-ақ бағдарлама бойынша биылғы жылы 24 тоғандық балық өсіру шаруашылығы тіркеліп, 68 жұмыс орны ашылды.
Конкурстық негізде резервтегі көлде-тауарлы балық өсіру мақсатындағы 2 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны бекітіліп берілді.
2023-2024 жылдарға облыс аумағындағы орналасқан кәсіпшілік балық шаруашылығы су айдындарына 3070 тонна квота бөлініп, балық аулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасының балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 35 кәсіпкерге 249,5 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Жасанды балық өсіру шаруашылықтарын құру бойынша қызығушылық танытқан бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға шаруашылық құру алгоритімін түсіндіру жұмыстары жергілікті атқарушы орган және балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, тұрақты жүргізілуде.
Айта кетейік, облыста республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының саны жүзден асады. Оның ішінде 25 су айдын кәсіпшілік балық шаруашылығы үшін және 69 су айдын көлде тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген.
Saraptims.kz.

Алдыңғы жаңалық

Сиыр сүйегін өңдейтін зауыттың капсуласы салынды

Келесі жаңалық

Қытайлық инвесторлар Түркістаннан жедел саты шығаратын зауыт салуға ниетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі