Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысында соңғы 3 жылда 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асты

24 сентября, 2025
in Экономика
0
Түркістан облысында соңғы 3 жылда 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асты
0
SHARES
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылға тікелей шетелдік индикатор 475,0 млн. АҚШ доллар көлемінде бекітілген. Жылдың қорытындысымен меже орындалады.
Жалпы 2022 жылдан бері өңірімізде жалпы құны 
255,6 млрд. теңгеге 120 инвестициялық жоба іске асырылып, 
5 000-нан астам жұмыс орындары ашылды (2022 жылы 23 жоба 28,9 млрд.тг, 2023 жылы 56 жоба 127,3 млрд.тг, 2024 жылы 57 жоба 
137,2 млрд.тг).
Ірілерін атап айтқанда:
1. Сауран ауданындағы «Hevel Kazakhstan» ЖШС (Ресей) қуаттылығы 110 МВт құрайтын 3 күн электростанциясы (инвестиция құны 34,9 млрд.тг.);
2. Сайрам ауданындағы «Ecoinvest» ЖШС (Польша) өнеркәсіптік жылы-жай кешенінің 1-кезеңі (инвестиция құны 6,8 млрд.тг.);
3. Шардара ауданындағы «ICC» ЖШС (ҚХР) мақта өңдеу зауыты (инвестиция құны 7,5 млрд.тг.);
4. Отырар ауданындағы «ARM WIND» ЖШС (Италия) қуаттылығы 50 МВт күн электростанциясы (инвестиция құны
22,7 млрд.тг.).
Сондай-ақ, алдағы уақытта облыс экономикасына тың серпін беретін 2,5 трлн. теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асырылады.
Нәтижесінде 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.
Оның ішінде, 2024 жылдың қорытындысымен жалпы құны 137,2 млрд. теңгеге 2 274 жұмыс орнын ашумен 
57 инвестициялық жобаны іске қосылды.
Инвестициялық жобалар
Облыстың инвестициялық өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында, өңірімізде 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,1 трлн. теңгеге 85 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған.
Оның ішінде, 2025 жылы жалпы құны 322,5 млрд. теңгеге 
6 508 жұмыс орнын құрумен 57 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
ТОП-10 инвестициялық жобалар
Сонымен қатар, жалпы құны 1,7 трлн. теңге құрайтын маңызды 10 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Анықтама:
1. «ПГУ Туркестан» ЖШС (Сайрам ауданы) қуаттылығы 926,5 МВт құрайтын бу-газ қондырғысының құрылысы (инвестиция құны
800,0 млрд. теңге.);
2. «Ocean Energy Company» ЖШС (Қазығұрт ауданы) қуаттылығы сағатына 72 МВт электроэнергия және 110 млн м3 ауыз суын құрайтын Өгем өзенінде Каскад ГЭС-тің құрылысы (инвестиция құны 191,7 млрд. теңге);
3. «Састөбе Инновациялық кешені» ЖШС (Түлкібас ауданы) қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 136,6 млрд. теңге);
4. «Созақ Фосфат» ЖШС (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 1,6 млн. тонна фосфорит кендерін өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 130 млрд. теңге);
5. «Standard Petroleum & Co» ЖШС (Ордабасы ауданы) қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 130 млрд. теңге);
6. «Стандарт Пауэр» ЖШС (Түлкібас ауданы) қуаттылығы сағатына 320 МВт құрайтын газ-электростанциясының құрылысы (инвестиция құны 119 млрд. теңге);
7. «TAIQONYR QYSHQYL ZAUYTY» ЖШС (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 100 мың тонна күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны 112,7 млрд. теңге);
8. «КАТКО Қазақстан-Франция БК» ЖШС (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 6 мың тонна уран өндіру кешенінің құрылысы (инвестиция құны 35,6 млрд. теңге);
9. «Казкрахмал» ЖШС (Шардара ауданы) қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 11 млрд. теңге);
10. «GLOBAL TEXTILE» OOO (Мақтаарал ауданы) қуаттылығы 10 мың тонна мақта талшығын өндіретін текстиль кластерін құру (инвестиция құны 27 млрд. теңге);
Жалпы жоғарыда аталған  инвестициялық жобалар жүзеге асырылғаннан кейін нәтижесінде 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, 84 млрд. теңге салық түсу көзделуде.
Инвестицияларды тарту
Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылда Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылды.
Іс-сапардың нәтижесімен, Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Осы жұмыстардың нәтижесімен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады.
Ірі жобалардың қатарында:
— текстиль кластерін құру бойынша «Лихуа Груп» компаниясы, инвестиция сомасы 440 млн. АҚШ доллар. Аталған компания облыста ПВХ құбыр шығаратын зауыт (Отырар ауданы),  тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт (Отырар ауданы), 2 мақта өңдеу зауыты (Отырар ауданы), жіп иіру фабрикасы («Туран» АЭА), иіру фабрикасы («Туран» АЭА), бояу және әрлеу фабрикасы («Туран» АЭА) және тігін фабрикасы («Туран» АЭА) сияқты инвестициялық жобаларын іске қосуды жоспарлауда.
Қазіргі уақытта, 1 200 га алаңда егіс жұмыстары жүргізілді, тамшылатып суару жүйесі орнатылды сондай-ақ, жергілікті тұрғындардан 50-ден астам адам жұмыс істейді және 16 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылған.
— «Чайна Энерджи (Сhina Gezhouba Group)» (Созақ, Сауран, Бәйдібек, Түлкібас аудандары) жалпы құны 915 млн. АҚШ доллар қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және  жел электростанциясының құрылысы.
Қазіргі уақытта, ағымдағы жылдың қазан айында Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) екі ел Президенттерінің қатысуымен өткен Саммитте жобаны жүзеге асыру туралы екі жақты Үкіметаралық келісім шартқа қол қойылды.
Сондай-ақ, Сауран ауданында 300 МВт күн электростанциясының 1-кезеңін жүзеге асыру үшін 600 га жер телімі ұсынылды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы шілде айында Қытай Халық Республикасына жасалған іссапардың нәтижесінде Шэньси, Хубэй, Хэнань провинциялары және Вэйнань қаласы арасында бауырластық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысы - елдегі ұлттық жобаны жүзеге асыра бастаған алғашқы өңір

Келесі жаңалық

2025 жылы Түркістан облысына инвестиция тарту жоспары 1 трлн. 427,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі