Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

2025 жылы Түркістан облысына инвестиция тарту жоспары 1 трлн. 427,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.

24 сентября, 2025
in Экономика
0
2025 жылы Түркістан облысына инвестиция тарту жоспары 1 трлн. 427,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

8 айдың қорытындысымен өңірге 782,8 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,1% өсті.

2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,5 трлн. теңгеге 23 766 жұмыс орнын құрумен 111 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында
71 инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарлануда.

Салалар бөлінісінде:
1. Өнеркәсіп – 71 жоба, 890,6 млрд. теңге,
2. Агроөнеркәсіп – 16 жоба, 223,4 млрд. теңге,
3. Энергетика – 7 жоба, 1 100,0 млрд. теңге,
4. Туризм – 5 жоба, 15,7 млрд. теңге,
5. Басқа – 12 жоба, 43,4 млрд. теңге
Жылдар бөлінісінде:

2025 жылы 57 жоба, 890,6 млрд. теңге, 8317 жұмыс орны;
2026 жылы 42 жоба, 1,5 трлн. теңге, 9767 жұмыс орны;
2027 жылы 11 жоба, 584,8 млрд. теңге, 5232 жұмыс орны;
2028 жылы 1 жоба, 84,0 млрд. теңге, 500 жұмыс орны;

Биылғы жылы жалпы құны 335,1 млрд. теңгеге
8 163 жұмыс орнын құрумен 57 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта жалпы құны 124,1 млрд. теңгеге
3 457 жұмыс орнын құрумен 21 инвестициялық жоба іске қосылды.
Өзіңізге белгілі, Мемлекет басшымыз кезекті Халыққа Жолдауында айтып өткендей елімізде шикізат базасы жеткілікті деңгейде болғанымен, оларды терең өңдеу кәсіпорындары осы саланың әлеутін толық пайдаланбауда немесе шикізат ретінде жүзеге асыруда.
​Осы орайда, аталған саланы дамытудың маңыздылығын ескере отырып, біздің тарапымыздан отандық және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізудеміз.
​Атап айтқанда: «Созақ Фосфат» ЖШС (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 1,6 млн. тонна фосфорит кендерін өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 130 млрд. теңге), «Састөбе Инновациялық кешені» ЖШС (Түлкібас ауданы) қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 136,6 млрд. теңге), «TAIQONYR QYSHQYL ZAUYTY» ЖШС (Созақ ауданы) қуаттылығы жылына 100 мың тонна күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны 112,7 млрд. теңге), «KAZAKHSTAN LIHUA» ЖШС (Түркістан қаласы) Мақта кластері (инвестиция құны 146,8 млрд. теңге), «Казкрахмал» ЖШС (Шардара ауданы) қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы (инвестиция құны 11 млрд. теңге), «HUATING BIOTECHNOLOGY» ЖШС (Кентау қаласы) Май және желатин компоненттері зауыты (инвестиция құны 9 млрд. теңге), «ORZAX CENTRAL ASIA» ЖШС (Түркістан қаласы) биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны 35,0 млрд. теңге), сияқты өңірімізде өнеркәсіп саласында маңызды ірі жобалар жүзеге асырылуда.
​Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі саласын одан әрі дамыту үшін 10 инвестициялық жобаны өңірге тарту бағытында жұмыстарды жүргізудеміз.
​Атап айтқанда:
1. ООО «SAMARKAND IRRIGATION SYSTEM» жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 1,5 млрд. тг.);
2. Hanya International Holdings (Hubei) Co., Ltd. электро-құрылғыларды, пластик бұйымдарды, жылу құбырларын шығаратын кәсіпорын құру (инвестиция құны 720,0 млрд. тг.);
3. Zhejiang Weichen Textile Co., Ltd джинсы маталарын шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 24,0 млрд. тг.);
4. ООО «International Global Acrylic» («Сиёвуш текстиль») акрил иірілген жіп және кілем шығару зауыты;
5. Hagaoke Suiling Second Plastics Co., Ltd мұнай өнеркәсібіне арналған сүзгілер шығару зауытының құрылысы;
6. CHINA RAILWAY ASIA — EUROPE CONSTRUCTION INVESTMENT CO., LTD көпфункционалды жиһаз құрастыру кешені мен көлік-логистикалық орталығының құрылысы;
7. «Нұрқағаз Х» ЖШС қағаз шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 3,0 млрд. тг.);
8. Texhong Holding Group иірілген жіп шығару зауытының құрылысы;
9. Yongbeida Technology (Heilongjiang) Co., Ltd жүгеріні өсіру және консервіленген жүгеріні өндіру зауытының құрылысы;
10. Xiyi Plastic Products Co., LTD құрылысы материалдарын шығару зауытының құрылысы (инвестиция құны 5,0 млрд. тг.).
​Аталған жобалар іске қосылғансоң шамамен 753,5 млрд. теңге жеке инвестиция өңірімізге құйылатын болады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында соңғы 3 жылда 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асты

Келесі жаңалық

Соңғы 3 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 есе өсті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі