Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Соңғы 3 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 есе өсті.

24 сентября, 2025
in Uncategorized
0
Соңғы 3 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 есе өсті.
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының өнеркәсіп саласында соңғы 3 жылда өнім көлемі 1,3 есе өсіп 2022 жылғы 907,9 млрд. теңгеден 
2024 жылы 1 214,0 млрд. теңгеге жетті.
2025 жылы өнім көлемін 2024 жылға қарағанда 
нақты көлем индексінің 110,1% өсімімен 1 трлн. 396,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
7 айдың қорытындысы бойынша 852,0 млрд. теңге өнім өндіріліп, нақты көлем индексінің 112,3% құрады. 2025 жылдың  І тоқсан қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі (1 трлн. 053,9 млрд.тг) өнеркәсіптің үлесі 20,3% құрады.
Аталған салада 350 ден аса кәсіпорын жұмыс жасап, 36,2 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 48,9% үлесі Өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
Өңіріміздің өңдеу өнеркәсібі саласында ағымдағы жылдың қаңтар-шілде аралығында 398,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,3% артты.
2025 жылы өнім көлемін 679,0 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Салада 15,6 мың адам жұмыспен қамтылған.
Өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылы жалпы сомасы 21,9 млрд. теңгеге 528 жұмыс орнын қамтитын 13 инвсетициялық жоба іске қосылды.
Ал, биылғы жылы бұл салада жалпы құны 
60,7 млрд. теңге 1 725 жұмыс орнын қамтумен 
18 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.
Шағын өндірістік құру саласы:
Кәсіпорындарды инфрақұрылымммен қамтылған дайын өндірістік ғимараттармен қамтамасыз ету мақсатында Шағын өндірістік парк құрылысы жүргізілуде.
Шағын өндірістік парк аумағында 41 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 10 ғимарат іске қосылды. Жалпы құны 36,5 млрд. теңгеге 8 жоба іске асырылды.
Олардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар.
Сонымен қатар, Сауран ауданы аумағында ауылдық округтер аумағында жеке кәсіпкерлер есебінен 148 шағын өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Аталған өндірістік ғимараттарда шағын және орта бизнестегі өнеркәсіптік жобалар орналасуда.
Жергілікті инвесторларды қолдау мақсатында, Осы тәжірибие аясында барлық аудан және қала аумағында кемінде 5 өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда, Түркістан қаласында және Ордабасы ауданында шағын өндірістік ғимараттар құрылысы басталды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау:
Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізу үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерліктің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған. Кәсіпкерлердің саны бүгінгі таңға 214 мыңға жуық құрап отыр.
Шағын және орта бизнесті қолдаудағы маңызды инструмент – қаржылай қолдау шаралары. Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында ағымдағы жылы 181 жобаға жалпы 22,8 млрд. теңге қаржы берілді.
Түркістан облыс кәсіпкерлерді осы бағдарламаға қатыстыру көрсеткіші бойынша облыстар арасында үздік бестіктің қатарында.
Бірыңғай кешенді бағдарламадан бөлек, осы жылдың шілде айында кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер 7 млрд. теңгеге дейін, 12,6%-бен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Бұл Бағдарламада пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделмеген, тікелей жеңілдетілген несие ретінде ұсынылады. Яғни, бюджеттен пайыздық ставканы субсидиялауға қаржыны қажет етпейді.
Бүгінгі күнге, Бағдарлама арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру жұмыстары басталған. Түркістан облысы бойынша 2 жобаға 4,5 млрд. теңгеге несие берілді.
Аталған бағдарламаны кеңінен насихаттау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрамы облыс әкімінің орынбасары Талғат Жаппарханұлымен бекітіліп, барлық қала және аудандарды аралап кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмысшы топ құрамы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, «Даму» қоры», «Аграрлық несие корпорациясы»  және «Ырыс» Микро қаржы ұйымы өкілдерінен құралды.
Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау:
Аталған кәсіпкерлікті қолдау бойынша бағдарламаларға бағыт беру, кәсіпкерлікпен айналысу, қаржылай қолдау бағдарламаларын пайдалану, бизнес жоспар әзірлеуде көмек көрсету үшін Басқармаға қарасты «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді.
Орталық кәсіпкерлерге және кәсіпкерлікке ынталы адамдарға өз ісін бастауға тегін негізде қызмет көрсетеді. Барлық аудан және қала орталықтарында филиалдары бар.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

2025 жылы Түркістан облысына инвестиция тарту жоспары 1 трлн. 427,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.

Келесі жаңалық

Әкімдік шағын және орта жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі