Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Нұралхан Көшеров Қытайдың ресми және бизнес делегациясымен кездесті

24 сентября, 2025
in Cаясат
0
Нұралхан Көшеров Қытайдың ресми және бизнес делегациясымен кездесті
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің өңірлерінде инвестициялық жобаларды дамытып, халықаралық әріптестікті нығайту, цифрландыру мен инновациялық өндірістерге қолдау көрсету басты басымдық ретінде белгіленген. Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай Халық Республикасының инвесторлары, сондай-ақ Вэньчжоу қаласының Сауда департаментінің басшысы Юй Лицин бастаған ресми делегация арасында B2G форматында кездесу өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жаңа жобаларды іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл кездесудің негізгі мақсаты – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту екенін атап өтіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.
– Қазақ-қытай қатынастарының берік достық байланысы стратегиялық серіктестік пен мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісіне айналғанын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтады. Екі ел көшбасшылары арасындағы сенімді диалог пен стратегиялық серіктестік Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының барлық салалар бойынша дамуында шешуші рөл атқарып отыр. Биылғы тамыз айында Қытай еліне жасаған кезекті іссапарымыз аясында сіздермен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргіздік. Соның нәтижесінде, бүгін екі елдің дамуына үлес қосатын Қазақ–Қытай өнеркәсіптік паркі құрылысының іргетасын қалау рәсімін өткізгелі отырмыз. Біз өздеріңіздей серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әрқашан дайынбыз, – деді облыс басшысы Нұралхан Көшеров.
Кездесу барысында шетелдік компаниялар күн энергиясы, электр жабдықтары, құбыр арматурасы, пластмасса бұйымдары, цифрлық технологиялар, «Ақылды үй» жүйелері, күн панельдері және олардың компоненттерін өндіру, тұрғын үй және коммерциялық кешендер, инфрақұрылым нысандары (ауруханалар, мектептер, әуежайлар), сондай-ақ төмен вольтты электр жабдықтары мен қауіпсіздік шешімдерін әзірлеу жобаларын таныстырды. Бұдан бөлек, өндірісті цифрлық басқару, сайт жасау, оларды Google, Meta, LinkedIn, TikTok платформаларында ілгерілету және шетелдік клиенттерді тарту бойынша цифрлық маркетинг шешімдері ұсынылды.
Электр энергиясын беру және тарату жабдықтарын, электр шкафтары, күн мен жел электр станциялары үшін қосалқы станциялар, басқару және автоматтандыру жүйелерін шығару, экологиялық туризм, қонақүй және ойын-сауық қызметтері, дрондар мен цифрлық трансформация шешімдерін әзірлеу мәселелері де талқыланды.
Бүгінде Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар бойынша ТОП–5 инвестор ел қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 14,9 млрд, импорт – 15,2 млрд АҚШ доллары.
Ал Түркістан облысы бойынша өзара тауар айналымы 296 млн АҚШ долларына жеткен: экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар.
Өңірде жалпы аумағы 2397 гектар болатын 20 индустриялық аймақ пен 4000 гектарлық «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Сонымен қатар, жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда.
Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері. 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің 44%-ын өңдеу өнеркәсібі (983 млн доллар) құрайды. Өңір мақта өңдеу бойынша 1-орында, ал текстиль өнімдері мен трансформатор өндірісі бойынша 2-орында тұр.
Тек 2024 жылғы көрсеткішке тоқталатын болсақ, облыс көлемінде 1142,2 гектарды құрайтын 
13 индустриалды аймақ және 580 гектардан (3 өнеркәсіптік аймақ) тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар.
Бұл аймақтарда 47,8 млрд. теңгеге 54 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 180,9 млрд. теңгеге 48 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында.
«TURAN» арнайы экономикалық аймағы
«TURAN» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «TURAN» АЭА) құрудың мақсаты Түркістан қаласын жеделдете дамыту және Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату арқылы Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптастыру.
«TURAN» АЭА аумағы 3987,39 га құрап, 6 қосалқы аймақтан тұрады.
Бүгінгі таңда «TURAN» АЭА инвестициялық портфелі жалпы құны 569,2 млрд. теңгені құрайтын 124 жобадан тұрады. Қазіргі уақытта, жалпы сомасы 214,5 млрд. теңгеге 28 жоба іске қосылды. Сондай-ақ, 354,7 млрд. теңгеге 96 жоба жүзеге асырылуда.
Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталықта 285,9 млрд. теңгеге 67 жоба, ал тарихи орталықта 30,8 млрд. теңгеге 
17 жоба жүзеге асырылуда.
«TURAN» АЭА-ның өнеркәсіптік субаймақтарында 
41,0 млрд. теңгеге 13 өнеркәсіптік жоба тіркелді.
Анықтама:
«BASPOLYMER» ЖШС, «Туран Жол» ЖШС, «Gesso Tech» ЖШС, «QazEcoPack» ЖШС, «PSI Mineral Technologies» ЖШС, «Панель Систем КЗТ» ЖШС, «Exclusive Stroy Montazh» ЖШС,  «ТуркестанТемирБетон» ЖШС, «Kentau Red Star» ЖШС, «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» ЖШС, «Многопрофильный Кентауский Завод» ЖШС, «ER-QAN» ЖШС, «Sayat Technology» ЖШС.
Жоғарыда аталған барлық жобалар іске қосылғанда 
7 221 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Сондай-ақ, жалпы құны 175,7 млрд.теңгеге 2 494 жұмыс орнын құрайтын әлеуетті 13 инвестициялық жоба пысықталуда.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

«Орталық Азия» хөк орталығының аумағында өнеркәсіптік парктің іргетасы қаланды

Келесі жаңалық

Маман: Алаяқтарға 25-40 жас аралығындағы азаматтар жиі алданады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі