Понедельник, 8 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Нұралхан Көшеров: Түркістан өндірісі дамыған өңірлер қатарында

3 ноября, 2025
in Билік, Қоғам
0
Кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 9 айда 116 жобаға қолдау көрсетілген
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу саласына көбірек қаражат тарту қажеттігін атап өтті. «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс», деді Президент. Сондай-ақ Жолдауда экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру қажеттігі айтылды. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған, атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар төңірегінде Ел гсзеті Егемен Қазақстан басылымына сұхбат берген еді. Онда өңір басшысы Тұран даласындағы өндірістің өркендеуі мен экономикалық даму төңірегінде кеңінен сөз қозғаған. Нұралхан Көшеровтың айтуынша қазір Түркістан облысының даму қарқыны жоғары. Соның нәтижесінде Республикалық бюджетке тәуелділік төмендей бастаған.
– Иә, расында да, облыстың экономикалық әлеуеті соңғы жылдары едәуір артты. Бұл – Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес өңірлік экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Алдымызға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағы­тында өзіндік кірістерді көбей­ту үшін өндірісті дамытып, эко­номикаға инвестиция тартуымыз қажет. Өңір экономикасының дамуына жаңа серпін беретін 111 инвестициялық жоба пулын қалыптастырдық. Негізгі басымдық ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, энергетика және туризм салаларын айқындадық. Осы жобаларды іске асыру есебінен алдағы 10 жылда өзіндік кірістерді 1,1 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде, республикалық бюджетке тәуелділікті 80 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетеміз. Яғни алдағы жылдары облыс­ты әлеуметтік инфрақұрылымы қалып­тасқан, экономикалық дамуы тұрақты және өзін қамтамасыз ететін бәсекелестігі жоғары өңірге айналдыруға күш саламыз. Оған барлық мүмкіндік бар.

Президент 2025 жылы жалпы экономиканың 7% өсімін қам­тамасыз етуді тапсырған болатын. Осы межеге жету жолында Түркістан облысы айтарлықтай ілгері қадам жасап келеді. Өткен жылы облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 4,7 трлн теңгеге жетіп, өсім 110% деңгейінде болды. Биылғы жылы даму қарқыны сақталды. Қысқа мерзімінде эко­номикалық өсім 115,8%-ды құрады. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіштің бірі.

Барлық негізгі макроэконо­микалық көрсеткіштерде тұрақ­ты өсім қалыптасты. Негізгі өсім өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік-логистика салала­ры есебінен болып отыр. Индикатор, яғни көрсеткіштер межесіне қол жеткізу, оның орындалуын ба­қылау мақсатында арнайы рей­тинг­тік бағалау жүйесін енгіздік. Рейтингтік бағалауға 9 негізгі бағыт бойынша 89 индикатор енгізілді. Арнайы есептеу әдісте­месі әзірленді. Барлық индикатор­ аудан, қала және салалық басқар­малар кесіндісінде бөлініп жасалды. Яғни аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларынан бас­тап маманға дейін индикатор жос­парынан жақсы хабардар. Тоқсан сайын бағалау жүргізіледі.

Түркістан облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша елімізде алдыңғы қатарда. Статистикаға сүйенсек өткен 9 айда өңір экономикасына тартылған қаржының көлемі 800 млрд-қа жуық.
– Иә, тартылған инвестиция көлемі бойынша республикада алғашқы бестіктеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа арналған Жолдауында инвестиция саласына басымдық беріп, шикізат секторынан өңдеу саласына көбірек қаржы тарту керектігін атап өтті. Бұл бағытта өңірімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жал­пы, 8 айда облыс экономикасына 783 млрд теңге инвестиция ба­ғытталып, өткен жылдың тиіс­ті кезеңімен салыстырғанда 125 пайызға өсті. Қаржының басым бөлігі 59,3%-ы, яғни 464,4 млрд теңге жеке инвестицияға тиесілі.

Облыс экономикасының да­муы­на серпін беретін, құны 2,6 трлн теңгені құрайтын инвес­тициялық жобаларды толық іске асыру нәтижесінде 24 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд теңге салық түседі деп көзделіп отыр. Оның ішінде, осы жылы құны 331 млрд теңгені құрайтын 57 инвестициялық жобаны іске асырып, 8 174 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Биылғы 8 айда 33 жоба іске қосылып, 4 793 жұмыс орны ашылды.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 9 айда 116 жобаға қолдау көрсетілген

Келесі жаңалық

Түркістан облысында үш кластерлік бағыт қарқынды дамиды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі