Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан облысында үш кластерлік бағыт қарқынды дамиды

3 ноября, 2025
in Әлеумет
0
Кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 9 айда 116 жобаға қолдау көрсетілген
0
SHARES
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Түркістан облысында үш кластерлік бағыт қарқынды дамиды”-деп, хабарлайды saraptimes.kz Егемен Қазақстан басылымына сілтеме жасап. Ақпарат көзінің айтуынша өңірде енді мақта, тоқыма және ет кластерін дамыту үшін тиісті шаралар қолға алынған.
– Өңіріміздің демография­лық өсімі жоғары, яғни 2 млн-нан астам адам тұрады. Халықтың 80 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Негізгі кәсібі ауыл ша­руашылығы. Облыстың геогра­фиялық және климаттық ерек­шелігін ескере отырып, 3 клас­терлік бағытты дамытуды қолға алдық. Облыс елімізде мақта өсіре­тін жалғыз өңір. Біз арнайы сарапшылармен талдау жасадық. Мақтаны дәстүрлі әдіспен игеру есебінен гектарынан 25 центнер жиналған. Яғни өнімділік төмен. Оның үстіне суды көп тұтынады. Осыған орай жаңа әдіспен заманауи технологияны қолдана отырып, мақта-тоқыма кластерін дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл орайда жалпы құны 201 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып жатыр. Қуаттылығы жылына 229,5 мың тонна, 7 000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Тарқата айтсақ, қытайлық «Lihua» компаниясымен бірлесіп, Түркістан қаласында мақта өңдеу кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба құны – 146,8 млрд теңге. Қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірілген жіп, 50 млн метр мата, 7 млн дана жиын­тық төсек бұйымын шығарады. 4 000 жұмыс орны құрылады. Жоба бойынша мақта өңдеуден да­йын бұйым шығаратын толық өндірістік циклді қамтамасыз етеді. Өткен жылы қанатқақты жоба ретінде Отырар ауданында 32 мың гектарға жаңа әдіспен мақта егілді. Нәтижесінде, гектарынан 60 центнерден өнім жиналды. Сондай-ақ су үнемдеу технологиясын қолдану есебінен ағын су 2 есе үнемделді. Осы жылдың соңына дейін мақта өңдеу және жіп иіру фабрикасы іске қосылады.
Сондай-ақ жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауыты салынып жатыр. Жоба құны 14 млрд теңге. Қуаттылығы – жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарылады, 500 жұмыс орны ашылады. Бүгінде зауыттың құрылысы мен жабдықтарды орнату жұмысы аяқталу үстінде. Жобаны іске асыру есебінен жүгері алқабының көлемін 40 мың гектардан 2030 жылы 70 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде, 665 мың тонна жүгері жинау көзделіп отыр.
Облысымыз республикада ет экспорты бойынша көшбасшы. Ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облысқа тиесілі. Осы орайда ет экспортының әлеуетін ескере отырып, ет клас­тері бағытында 7 жобаны іске асырудамыз. Жоба құны 50 млрд теңге, қуаттылығы 35 мың тонна, 802 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда «Kaz Eco Meat» және «Бесқара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Бұл қосымша 35 мың тонна ет өңдеуге мүмкіндік береді, инвестиция көлемі 5,6 млрд теңге, 150 жұмыс орны ашылады.
Жалпы, 3 кластерді дамыту нәтижесін есептеп шықтық. 2026 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі қосымша 558 млрд теңгеге көбеюі күтіледі. Оның ішінде, жеңіл өнеркәсіп қосымша 220 млрд теңгеге (4 есе), ауыл шаруашылығы 338 млрд теңгеге (1,5 есе) өседі. Егер 2024 жылы жалпы өңірлік өнім құрылымында уран өндірісіне 63,7 пайызы тиесілі болса (783 млрд теңге), тамақ өндірісі – 11,6 пайыз (140,5 млрд теңге), жеңіл өнеркәсіп – 3,5 пайызды (42 млрд теңге) құраған. Ал кластерлік жобаларды іске асыру нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп үлесі 14 пайызға (220 млрд теңге), тамақ өндірісі – 17 пайызға (783 млрд теңге) жететін болады.
Ел экономикасының дамуы­на, жұмыссыздықты азайтуға, өндірістің жетілдіруіне тікелей ықпал жасайтын жұмысшы маман­дықтың рөлі айрықша. Сондықтан да, Президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы маман­дықтар жылы» деп шешім қабылдауы еліміз үшін аса маңыз­ды қадам. Облыста 50 колледжде 45 450 студент 84 мамандық бойынша білім алады. Оның ішінде, 33 колледж 43 жұмысшы мамандығы бойын­ша 16 000 студентті оқытады. 2024–2025 оқу жылында колледж­дерге жалпы 15 525 мемлекеттік тапсырыс жарияланса, оның басым көпшілігі – 8 678-і жұмысшы мамандықтар (55,9%). Ал биыл жаңа оқу жылына қосымша 9 600 студент жұмысшы мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысқа ие болды.
Облыста іске асырылатын ірі жобалар бойынша 2 290 жұмыс­шы мамандығы қажет. Біз, 2025 оқу жылында бітіруші 8 364 жұ­мысшы мамандығын осы жоба­ларға бағыттап жатырмыз. Бұдан бөлек, жаңа инвестициялық жобалар бойынша 11 мамандық тапшылығы айқындалды. Бұл орайда агроөнеркәсіп, энергетика және техникалық, құрылыс саласы бойынша мамандықтарға лицензия алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта колледж­дерде өңір­ге қажетті жұмысшы маман­дықты даярлауға көшетін боламыз-деді, облыс әкімі Н. Көшеров
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Нұралхан Көшеров: Түркістан өндірісі дамыған өңірлер қатарында

Келесі жаңалық

Н. Көшеров: Ауылдарды дамыту- біздің басты бағытымыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі