Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда құны 7 млрд теңгелік жаңа өндіріс орнының капсуласы салынды

3 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Экономика
0
Кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 9 айда 116 жобаға қолдау көрсетілген
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын жаңа өндіріс орнының капсуласы қаланды. Жоба аясында «BEREKE PLASTIC» зауытының құрылысы жүргізіліп, 7 заманауи өндірістік кешен бой көтермек. Алғашқысы келер жылдың ақпан айында іске қосылады. Түркістан облысы индустрияландыру мен инвестиция тарту бағытында қарқынды дамып келеді. Жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы – өңірдің экономикалық дербестігін арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Сауран ауданының Оранғай ауылында орналасқан зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жобаның өңірдің индустриялық әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.
– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында облысымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде зауыттар мен фабрикалардың құрылысы қарқын алып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Себебі әр жаңа жоба – жаңа мүмкіндік, жаңа табыс көзі. Қандай кәсіпорын ашылса да, біз оған дайын болуымыз керек. Елімізде жұмысшы мамандықтарын дамыту мен олардың мәртебесін көтеруге ерекше назар аударылып отыр. Шын мәнінде, жұмысшы мамандығы – ел экономикасының қозғаушы күші. Ол жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, өндірістің дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына тікелей әсер етеді. Бүгін іргетасы қаланған зауыт іске қосылған соң, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Жобаның сәтті жүзеге асуы отандық өнім көлемін арттыруға, импортты алмастыруға және білікті жұмысшы кадрлардың беделін нығайтуға ықпал етеді. Жаңа өндіріс ел игілігіне қызмет етсін, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Өңір басшысы сондай-ақ биыл 8 мыңнан астам түлек ірі инвестициялық жобаларға тартылатынын атап өтті. Қазір облыс бойынша жүзеге асырылатын жобаларға 2 290 жұмысшы маман қажет. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп, энергетика, техника және құрылыс салалары бойынша 11 мамандық бойынша кадр тапшылығы анықталған. Осы бағыттарда колледждерге жаңа лицензиялар беріліп, өңірге қажетті жұмысшы кадрларды даярлау жұмыстары басталып жатыр.
«BEREKE PLASTIC» зауытының іске қосылуы өңірдің ғана емес, тұтас елдің экологиялық және экономикалық даму стратегиясымен үндеседі. Бір реттік ыдыс-аяқ шығару жобасы – Қазақстанда сирек кездесетін бағыттардың бірі. Бұл өндіріс отандық нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да мүмкіндік береді. Жаңа зауытта жылына 600–700 тонна пластик және қағаздан жасалған бір реттік ыдыс-аяқ пен тұрмыстық бұйымдардың 18 түрі өндіріледі. Кәсіпорынның іске қосылуы нәтижесінде 65 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жалпы, Түркістан облысына инвестиция тарту, өңір экономикасын дамыту арқылы кәсіпкерлік саласын жетілдіру бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Сонымен қатар шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасу арқылы өңірге инвестиция тарту шаралары ұдайы жүргізілуде. Тек, «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында (жалпы көлемі – 365 гектар) бүгінде 72 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, төрт жоба бойынша 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Аймақтың инфрақұрылымы толық дайын: инженерлік желілер тартылып, өндіріс нысандарын салуға барлық жағдай жасалған.
Бұған дейін осы аймақтың мәселесі қаралған жиында, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардағы инфрақұрылым жұмыстарын жеделдету, жер телімдерін рәсімдеу, қажетті инженерлік желілермен қамту жұмыстары мен кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып, олармен өзара байланысты нығайту бағытындағы түйткілдер айтылып, нақты тапсырмалар жүктелген болатын.
Ал, облыс аумағы бойынша айтар болсақ, өңірде кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында көлемі 2400 гектарды құрайтын жаңадан 11 индустриалды аймақ құрылып, олардың саны 20-ға жетті. Индустриалдық аймақтарда құны 152 млрд. теңгені құрайтын 98 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, жаңадан 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, бюджетке жылына 2,1 млрд. теңге салық түсіру көзделуде. Бүгінгі таңда 39 млрд. теңгені құрайтын 50 жоба іске қосылып, 2 603 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, 1 374 гектарды құрайтын арнайы экономикалық аймақтарда 155,3 млрд. теңгеге 13 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 2 мыңға жуық азамат жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады. Бұл аймақтар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлерге заңмен көзделген салықтық, кедендік және тағы басқа қосымша жеңілдіктер қарастырылған.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында 180 нысанның құрылысы жүргізілуде

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 216 мыңға жуық кәсіпкер бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі