Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өзбекстан мен Түркістан облысы арасындағы байланыс нығая түспек

17 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Алдағы уақытта Өзбекстан Республикасымен Түркістан облысы арасындағы тауар айналымен барыс-келіс бұрынғыдан әлдеқайда артады”-деп, хабарлайды saraptimes.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз өкілдігіне сілтеме жасап. Өйткені, осы айда екі арадағы байланысты тағы да жандандыра түсу мақсатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көрші елге арнайы жұмыс сапарымен барған. Осы сапар кезінде Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповтің кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов та қатысты.
Кездесу барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және шекара маңы аймақтарының әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
Әсіресе, туризм саласын дамыту, өндіріс орындарын ашу, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Нұралхан Көшеров Түркістан облысы мен Өзбекстанның көршілес өңірлері тарихи, мәдени және экономикалық тұрғыдан тығыз байланыста екенін атап өтті. Сонымен бірге тараптар шекара маңы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру, инфрақұрылымды дамыту және туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылады.
Іргесі тым жақын орналасқан елмен қңір арасындағы байланысты нығайту мақсатындағы жұмыс сапары тек бір кездесумен шектелмеді. Өйткені, Түркістан облысының әкімі бастаған делегациясы Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Үргеніш, Хиуа қалаларында болып, жергілікті басшылармен, туризмге жауапты тұлғалармен кездесіп, түрлі іскерлік келіссөздер жүргізді.


Өзбекстан мен Түркістан облысы арасындағы алыс-берісті арттырып, барыс-келісті нығайту мақсатындағы сапар кезінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жанындағы Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиевпен және өзбекстандық туристік фирма басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізді.
– Туризм саласында бауырлас Өзбекстан мемлекетімен әріптестік орнатып, тығыз байланыста жұмыс істеуге дайынбыз. Туристерді тарту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Туризм саласында байланысты дамыта отырып, біз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы болашақ көпірін саламыз. Ол көпір сенімге, мәдениетке және тұрақты дамуға негізделген, – деген Нұралхан Көшеров ұсыныстар мен пікірлерді тыңдады.
Кездесуде туризмді дамыту бойынша ұсыныстар мен идеялар айтылып, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді. Түркістан облысының кәсіпкерлері мен туризм саласының өкілдері өңірдің туристік әлеуетін таныстырып, өзбекстандық әріптестерімен ақпарат алмасты.
Бүгінгі күні Түркістан облысы туризм мен инвестиция тарту саласында тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірге 830 мың турист келген (2024 жылдың 9 айында – 733 мың, ал 2024 жылы жалпы 880 мың турист). Оның ішінде Өзбекстаннан 26 мыңнан астам турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге туризмді дамытатын «Жібек Жолы» туристік пойызы және өзге де трансшекаралық бірлескен бастамалар ықпал етті.
Айтып өту керек, көрші ел мен өңір арасындағы байланысты нығайту мақсатында былтыр Түркістан облыстық туризм басқармасының мамандары мен өзбекстандық «Заамин» демалыс аймағының өкілдері Джизак облысында кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Ол құжат өзбекстандық саяхатшылардың киелі Түркістанда, ал қазақстандықтардың Джизактың таулы курорттық аймағында демалыс өткізуіне мүмкіндік беруге бағытталған еді. Ал биыл Түркістан мен Джизак облыстары сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге бағытталған меморандумға қол қойған болатын. Соның аясында іскер топ өкілдері нарық мүмкіндіктерін жан-жақты саралауға көшкен.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде биыл Өзбекстаннан Республикасынан Түркістанға келетін туристер санының айтарлықтай артақны аңғарылып отыр. Егер осы жолғы жұмыстардың нәтижесі алдағы уақытта көрінетінін ескерсек іргелес елмен тұран өңірі арасындағы барыс-келіс әлі арта түсері ақиқат.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан мен Хорезм облыстары туризмді бірлесе дамытады

Келесі жаңалық

Түркістан облысында егістік алқаптар ұлғайып, өнімділік артқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі