Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан мен Хорезм облыстары туризмді бірлесе дамытады

17 ноября, 2025
in Uncategorized, Мәдениет, Әлеумет
0
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясының Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Мақсат – әріптестікті нығайту, туризм саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу. Жұмыс сапары Хорезм облысында жалғасып, Нұралхан Көшеров Хорезм облысының хокимі Журабек Рахимовпен кездесті. Өңір басшысы туризм саласындағы әріптестікті тереңдету мәселесін көтерді.
– Түркістан және Хорезм облыстары көптеген жағынан ұқсас – бізді бай тарих, дәстүрлер, мәдениет пен өмір салтымыз біріктіреді. Екі өңір де ұлы өркениеттердің бесігі саналады. Бұл жерлерде ұлы ойшылдар, ғалымдар мен шеберлер дүниеге келді, ал Ұлы Жібек жолы ежелден біздің аймақтарды байланыстырып, мәдени және сауда алмасуына ықпал етті. Түркістан облысы да Хорезм сияқты ерекше туристік әлеуетке ие. Өңірде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Оған жыл сайын 1 миллионнан астам турист пен зияратшы келеді. Облыс аумағында 1800-ге жуық тарих пен мәдениет ескерткіштері бар, сондай-ақ, ЮНЕСКО биосфералық аумақтар желісіне енгізілген 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. Түркістанда жыл сайын 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Әуе қатынасын дамыту мақсатында біз жеңілдігі бар арнайы бағдарлама әзірледік. Орталық Азияның екі ежелгі рухани орталығы арасындағы тұрақты әуе рейстері трансшекаралық туризмді дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін береді, – деген Нұралхан Көшеров бірнеше нақты ұсынысын жеткізді.
Атап айтқанда, Түркістан – Хиуа бірыңғай туристік бағытын әзірлеу, екі өңір арасында мәдениет және қолөнер күндерін өткізу, туристер үшін көліктік байланысты күшейту, облыстардың брендтерін халықаралық деңгейде бірлесіп ілгерілету мәселесін көтерді. Сонымен бірге мәдени байланыстарды нығайтып, туризм саласында тәжірибе алмасу маңызды екеніне де тоқталды.
Кездесуде тек туризм емес, басқа салаларда да бірлесе жұмыс істеу, бауырластық меморандумын жасау ұсынылды.


Журабек Рахимов Хорезмге арнайы атбасын бұрған Нұралхан Көшеров пен облыс делегациясына алғысын білдіріп, өңірлер арасындағы байланыстар нығайып, ортақ жобалар жүзеге асарына сенім білдірді.
Түркістан облысының делегациясы Хорезмдегі туристік фирма басшылары мен өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Туризмді бірлесе дамыту мәселесін талқылады.
Түркістандықтар Хорезм облысының тарихи және туристік орындарын аралап, инфрақұрылымымен, тыныс-тіршілігімен танысты. Туризмді дамыту, саяхатшыларды тарту бойынша пікір алмасып, әріптестікті нығайту жөнінде уағдаласты.
Айта кетейік, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 830 мың турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп.
Айтып өту керек, осы сапар кезінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңірлік делегация Хиуа қаласындағы Ичан-Қала тарихи кешені мен Нуриллабой сарайын аралады.
Өзбекстанның Хорезм облысында орналасқан Ичан-Қала – Хиуаның ежелгі орталығы. Бұл орталық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Аумағы 26 гектарды құрайтын аумақ ішкі қамал қабырғаларымен қоршалған және онда ондаған сәулет ескерткіштері – медреселер, мешіттер, сарайлар мен мұнаралар орналасқан.
Нұралхан Көшеров бастаған делегация Ичан-Қаланың басты нысандарын аралап, деректерімен танысып, тарихи мұраларды сақтау тәжірибесімен бөлісті. Өңір басшысы Түркістан қаласының да тарихи әлеуеті бар екенін атап өтіп, туризмді дамыту бойынша жаңа бастамаларды жүзеге асыру керектігін айтты.
Одан кейін делегация Нуриллабой сарайында болды. Бұл нысан кезінде Хиуа хандарының резиденциясы болған. Ерекше сарайда шығыстық өрнектер мен еуропалық стиль үйлесім тапқан. Бұл сарай Мұхаммед Рахим II ханның бастамасымен салынған. Ішкі бөлмелерінде венециялық айналар, хрусталь люстралар, сәндік бұйымдар сақталған. Құрылысқа хиуалық шеберлер мен суретшілерден бөлек, шетелден де мамандар алдырған.


Нысандарды аралау барысында Түркістан облысы мен Хорезм өңірінің өкілдері мәдени, тарихи және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Туристік бағыттарды өзара ілгерілету, тарихи ескерткіштерді сақтау мен цифрландыру тәжірибесін ортақ жобаларда қолдану мүмкіндігін талқылады.
Сапар соңында Нұралхан Көшеров қабылдаушы тарапқа ризашылығын білдіріп, Түркістан мен Хиуа арасындағы тарихи және мәдени байланыстар нығая түсетінін атап өтті.
Айта кетейік, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 830 мың турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Облыста туристер санын көбейту бағытында жүйелі жұмыс жанданады.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысына тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн. ақш долларына жетті

Келесі жаңалық

Өзбекстан мен Түркістан облысы арасындағы байланыс нығая түспек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі