Түркістан облысына қарасты аудан және қала өкілдері шет мемлекеттерге іссапарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде. Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бастаған аудан делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Таншань қаласында болды. Іссапар барысында «Tanshan Huating PoreelainCo 6 LTD» компаниясының қызметімен танысты. Бұл кәсіпорын мал сүйектерін өңдеу арқылы май және желатин компоненттерін өндіріп, түрлі өнім шығарады.
Сапардың мақсаты – екіжақты экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік бағыттарды айқындау.
Іссапар барысында делегация өкілдері «Tanshan Huating PoreelainCo 6 LTD» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Бұл кәсіпорын мал сүйектерін өңдеу арқылы май және желатин компоненттерін өндіру арқылы түрлі өнім шығарады.
Жұмыс сапары «Chenlong» компаниясында жалғасып, онда жасанды интеллект негізінде басқарылатын дрондар өндірісімен және авто-мектептің жұмыс барысы түркістандық делегация назарына ұсынылды.
Бұдан бөлек, «Tangan» компаниясының машина жасау өндірісін аралап, төтенше жағдайларға арналған жабдықтар шығару орталығының қызметімен танысты. Аталған орталық жыл сайын 60 мыңнан астам түрлі жабдықтар өндіреді.
Сонымен қатар жұмыс тобы Таншань қаласындағы қалдықтарды өртеу арқылы электр қуатын өндіретін компанияның қызметімен танысып, энергияның баламалы көздерін тиімді пайдалану тәжірибесін зерделеді.

Бұл сапар екі ел арасындағы экономикалық және технологиялық байланыстарды тереңдетуге, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер мен өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталды.
Айта кетейік, осыған дейін «Tanshan Huating PoreelainCo 6 LTD» компаниясы мен Ордабасы ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Келісім аясында әкімдік тарапынан жер телімі бөлініп, тиісті инженерлік-инфрақұрылым желілерін тарту және жобаны сүйемелдеу жұмыстары атқарылуда. Қазіргі уақытта кәсіпорынның құрылысы басталып, жобаның іске асырылуы кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр.
Айтып өту керек, Қытай мен Түркістан облысы арасындағы байланысты нығайту жұмыстары тек мұнымен шектелмейді. Екі арадағы әріптестікті арттыру үшін бұған дейін облыс әкімі өзі бастап Қытайға арнайы іс сапармен барса одан кейін аспан асты елінен арнайы делегация келген болатын. Сол сапар кезінде аймақ басшысы облыстың инвестициялық және туристік әлеуетімен таныстырып, екіжақты тиімді байланыс орнатуға дайын екенін айтты.
– Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып, берік негізде қалыптасуда. Өткен жылдың соңында Хубэй провинциясына сапарым барысында өзіңізбен кездесіп, бірқатар жобаны іске асыру жайын талқылаған едік. Сіздің бүгінгі сапарыңыз Ухань қаласында басталған конструктивті диалогтың және өзара сенімге негізделген серіктестіктің нақты жалғасы деп білемін. Өңірдің кадрлық әлеуеті жоғары. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Өңіріміз тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін логистикалық торап ретінде қалыптасуға толық әлеуеті бар. Бұл ретте, авиациялық жүк тасымалын дамыту, әуежай аумағында техникалық қызмет көрсету орталықтарын орналастыру, тұрақты халықаралық жүк бағыттарын ашу, өңірде заманауи логистикалық парктер құру, жүк сақтау, сұрыптау, тарату және қайта өңдеу бағытындағы инфрақұрылымды қамтитын кешенді бірлесіп дамытуға дайынбыз. Бұдан бөлек, бірлескен индустриалды аймақты құру екіжақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тиімді екенін атап өткен жөн. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, іскерлік серіктестік құруға, ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға әзірміз, – деген облыс басшысы әкімдік тарапынан барлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізгенді.
Айта кетейік, қытайлық делегация Түркістан облысындағы екі күндік сапарында Түркістанда құрылысы жүріп жатқан мақта зауытында болды. Жоспарымен танысты. Одан кейін Сауран ауданы, Ораңғай ауылындағы арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Инвесторларға «Turan» арнайы экономикалық аймағының, өңірдегі инвестициялық алаңдардың қолдаулары туралы мағлұмат берілді. Кездесуден кейін делегация Түркістан қаласына экскурсия жасады. saraptimes.kz



