Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ЖЕТІСАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

20 июля, 2020
in Денсаулық
0
ЖЕТІСАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
0
SHARES
66
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданына дәрілердің келуін және тиісті мекемелерге дұрыс таратылуын, дәріханаларда белгіленген бағада сатылуын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған “Жетісай Адалдық Алаңы” кеңсесі дәрілердің ауруханалар мен дәріханаларға үлестірілуіне, сондай-ақ, дәріханаларда сатылу бағасына мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
“Жетісай Адалдық Алаңы” кеңсесі тарапынан бекітілген жұмыс кестесі аясында елдегі орын алған жағдайға байланысты Біріккен Араб Әмірлігі, Катар және Қытай елдерінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектердің аудандық «Жетісай» ауруханасына жеткізілу барысына бақылау жасалды.

Құрамына санитарлық қызмет, салық, кәсіпкерлік және БАҚ өкілдерін топтастырған жұмысшы топ бұған дейін де Жетісай қаласы мен Асықата кентіндегі дәріханаларға дәрілердің сатылу бағасы, егу бөлмелерінің санитарлық тазалығы, жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағаздары мен тауарға берілетін фискальды чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуына тексеру жүргізген болатын.
“Гуманитарлық көмекке келген әрбір заттың, дәрі-дәрмектің тиісті мекемелерге жеткізілуін қатаң бақылауға алатын боламыз” дейді “Жетісай Адалдық Алаңы” кеңсесінің мүшелері.
Айта кетейік, “Жетісай” аудандық орталық ауруханасына гуманитарлық көмек ретінде медициналық қорғаныс құралдарымен қатар 45 мың дана (ампула) аскарбин қышқылы, 2740 дана (ампула) дексаметазон және 300 дана антисептик жеткізілген.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Келесі жаңалық

ОТАНДЫҚ 10 ИВЛ МАҚТААРАЛҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі