Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЕНДІ БЕТПЕРДЕСІЗ ЖҮРСЕҢІЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ

20 июля, 2020
in Қоғам
0
ЕНДІ БЕТПЕРДЕСІЗ ЖҮРСЕҢІЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Енді карантиндік режимде тәртіпке бағынбай бетперде тақпағандарға айыппұл салынатын болады.
Бұл жөнінде Жетісай ауданының бас санитары Сәкен Тұрғараұлы төтенше жағдайға қарсы құрылған аудандық штаб мүшелерімен өткен жиында мәлім етті.
Аудан әкімдігінде өткен жиынға аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторлары мен санитарлық қадағалау мамандары қатысты.
Жиында ауданның бас санитары әлемде орын алған жағдайға байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үнпарақшалар тарату, азық-түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарында covid19 пандемиясы мен пневмания дертінің қауіп-қатері мен салдары, дертке шалдыққан жағдайда қылаң беретін алғашқы белгілері мен одан сақтану тәсілдері жазылған нұсқаулықтардың болуы керектігін қадап айтты.
«Бірінші кезекте бізге тәртіп керек. Ал, тәртіп өзімізден, айналамыздағы ағайыннан отбасымыздан басталады. Құрылған мобильді топтарымыз жұмысты жақсы жүргізіп жатыр, әлі де пысықтай түсуіміз керек. Халыққа қызмет көрсету орындары мен банктерде тұрғындардың көптеп шоғырлануын болдырмауымыз керек. Маскалық режимді сақтау індеттің кең тарауына жол бермеуде өте маңызды. Енді көшелерде бетпердесіз жүргендерге құзырлы органдар тарапынан хаттамалар толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл санынатын болады» дейді Сәкен Серікбаев.
Арнайы мамандардан жасақталған 6 мобильді топ штаб бекіткен кестеге сәйкес қала, кент, ауылдық округтердегі барлық нысандарда карантинге байланысты талаптардың сақталуына бақылауды күшейте түспек.
Мұнан да басқа аудандағы адамдар жиі жүретін барлық көшелер мен аяқжолдар, гүлзарлар мен скверлер, қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нүктелері аудан әкімінің тапсырмасымен күнделікті залалсыздандырылуда.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Алдыңғы жаңалық

ОТАНДЫҚ 10 ИВЛ МАҚТААРАЛҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ШАРДАРАЛЫҚ ЖІГІТ ЖҰМЫРТҚА САТЫП МИЛЛИОНЕР АТАНЫП ОТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі