Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ СУ БАСҚАН ӨРГЕБАС АУЫЛЫНДА 43 ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛДЫ

21 июля, 2020
in Ауыл
0
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ СУ БАСҚАН ӨРГЕБАС АУЫЛЫНДА 43 ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛДЫ
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда елдімекендегі 195 үйдің 193-і 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісімшартқа тұрған.

Келісімшарт бойынша 193 үйдің барлығына І транш бойынша 17 миллион теңгенің 50 пайызы аударылып, тұрғындар үйлерінің құрылысын жүргізуде. Сондай-ақ, 7 тұрғын үйге ІІ транш бойынша тағы 25 пайыз қаржы аударылып, аталған үйлерге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда 188 үйдің іргетасы қаланып, 105 үйдің қабырғасы өріліп біткен. Сонымен қатар, ауылда 43 үйдің шатыры жабылса, 190 баспана толық бұзылған.

Жалпы қазіргі таңда елдімекенде 694 құрылысшы 60 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған дейін Өзбекстан Республикасы тарапынан өргебастықтарға 3 экскаватор, 1 камаз бен 30 адам қызмет көрсеткенін де айта кеткен жөн.

Айта кетейік, Өргебас ауылы 1971 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1256 гектарды, оның ішінде егістік жердің көлемі 1203 гектарды құрайды. Бүгінде мұнда 1451 тұрғын тұрады.

Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медицина пункті мен 1 полиция пункті бар. Сонымен қатар, 155 шаруа қожалығы, 1 мал бордақылау алаңы, 3 сауда нүктесі мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ДӘРІХАНАЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ПАНДЕМИЯҒА ҚАРСЫ «О2MIR» ЖӘНЕ «SHIPA» ЖОБАЛАРЫН БАСТАДЫҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі