Жетісай ауданы әкімінің жанынан құрылған «Жетісай Адалдық Алаңы» кеңсесі мүшелері мен аудандық прокуратураның прокурорлары, аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторлары мен санитарлық қадағалау басқармасының мамандарымен біргелікте аудандық дәріханаларға рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Дәрі-дәрмек бағаларының шектік деңгейден аспауы, халықтың сұранысы бойынша аса қажет дәрілер мен антибиотиктердің қолжетімділігі, карантиндік режимнің, талаптардың сақталуын бақылау мақсатында ұйымдастырылған тексеруде жіберілген кемшіліктер бойынша тиісті хаттамалар толтырылды.
Сондай кемшілік жіберген дәріханалардың бірі – Жетісай қаласы, Байботаев көшесі бойында орналасқан «Үміт» дәріханасы. Мұнда дәріхана тарапынан халыққа қажетті дәрілердің мемлекет тарапынан бекітілген шектік бағадан асып кетуі, дәріханаға келушілердің арасында арақашықтықтың сақталмауы секілді кемшіліктер себеп болып отыр.
Аталған кемшіліктер бойынша құзырлы органдар тарапынан хаттамалар толтырылып, заңдылығы анықталуда. Тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бауыржан НАЙМАНОВ