Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

«ҚҰРЫЛЫСТЫ УАҚЫТЫНДА АЯҚТАУ ҮШІН КҮН-ТҮН ДЕМЕЙ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫР»-, ДЕДІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ.

21 июля, 2020
in Ауыл
0
«ҚҰРЫЛЫСТЫ УАҚЫТЫНДА АЯҚТАУ ҮШІН КҮН-ТҮН ДЕМЕЙ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫР»-, ДЕДІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ.
0
SHARES
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ондағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын бақылады. Облыс басшысының тапсырмасына сай
күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен барлық құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
Облыс әкімі су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Жаңажол ауылдық округі Өргебас ауылында орналасқан Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебінің құрылысын тексерді.
Облыстық бюджет есебінен былтыр құрылысы басталған 200 орындық жаңа мектеп биыл пайдалануға берілмек. Сонда — ақ мұнда фельдшерлік — акушерлік пункт (ФАП) құрылысы басталды.
«Қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар атқарылды. Халықты тіршілікпен қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдар қалпына келтірілуде. Халықты ертерек баспаларына жайғастыру үшін құрылыс жұмыстары күшейтілді. Жауапты аудан әкімдері, басшылары осында.
Жалпы көлемі 1256 га құрайтын Өргебас елді мекенінде 209 үй орналасқан. Онда су басқан үйлер бұзылып, аумағы тазартылып, үйлердің іргетасы құйылған. 70 үйдің қабырғасы қаланып, шатырлары жабылуда. Құрылыс жұмысына 613 адам тартылған.
2377 адам мекен еткен Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстары да тынымсыз жүріп жатыр. Жалпы ауданы 1358 га болатын ауылда 327 үй орналасқан. Бүгінгі таңға ондағы жарамсыз үйлер бұзылып, үй аумақтары тазартылған. Басым бөлігінің іргетасы құйылып, 96 үйдің қабырғасы қаланып, шатырлары жабылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 1002 адам тартылған.
Сонымен бірге, «Фердауси» атындағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Ауылдағы ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 33 км құбыр жүргізіп, ұңғымалар бұрғыланған.
Абоненттік жәшіктер орнатылып, жаңа су мұнарасын орнату жұмыстары басталған.

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КЕЗЕКШІ ТОПТАР АШЫЛУЫ МҮМКІН

Келесі жаңалық

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛҒАН МОБИЛДІ ТОП ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕСІН БЕРЕ БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі