Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛҒАН МОБИЛДІ ТОП ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕСІН БЕРЕ БАСТАДЫ

21 июля, 2020
in Ауыл
0
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛҒАН МОБИЛДІ ТОП ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕСІН БЕРЕ БАСТАДЫ
0
SHARES
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданындағы Фирдауси және Өргебас ауылдарындағы жеке тұрғын үй құрылысын жеделдету мақсатында құрылған мобилді топ өз нәтижесін бере бастады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай құрылған топтың жұмыс істеп жатқанына 2 аптадан асты. Соңғы екі аптадан бері бір ғана Фирдауси ауылында құрылысы басталмай тұрған 60 үйдің 43-інде іргетасын құю жұмыстары қыза түскен. «Бұл халыққа дұрыс әрі тиімді түсіндіру жұмыстарының нәтижесі»  дейді мобилді топтардың жұмысын бақылаушы, Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі  Ғани Рысбеков.

Қазіргі таңда мемлекет резервінен бөлінген қаржыға өздері үй құрылысын жүргізуі тиіс  Фирдауси мен Өргебас ауылдарында 509 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Айталық,  Жаңажол ауыл округіндегі Фирдауси ауылында 314 үй бар болса, соның бүгінде 302-сіне 8,5 млн теңгеден компенсация төленген. Нәтижесінде ауылдағы 314 үйдің 303-і  бұзылып,  268-інің іргетасы құйылған. Сондай-ақ,  138 баспананың қабырғасы өріліп, 23 баспананың шатыры жабылып біткен.

Ал, Өргебас ауылындағы  195 үйдің  194-інің иелері 17 млн теңгелік компенсацияның 50 пайызына  қол жеткізсе,  қазіргі таңда 189  үй толық бұзылып, 188 үйдің іргетасы қаланған.  Сонымен қатар, 99 баспананың қабырғасы өрілуде.  Сондай-ақ, 38 үйдің шатыры жабылып біткен. Бұдан бөлек,  7 тұрғын үйге ІІ транш бойынша тағы 25 пайыз қаржы аударылып, аталған үйлерге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

«Мобилді топтың жұмысы күнделікті бақылауда»  дейді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Фирдауси және Өргебас ауылдарындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысып, өз үйлерінің құрылысын жүргізіп жатқан тұрғындармен кездесті.

«Үкімет үй салуға қажетті қаржыны уақытылы  бөліп отыр. Сондықтан әр күнді тиімді пайданалып, баспаналарыңыздың құрылысын жеделтетулеріңіз қажет. Осы мақсатта мобилді топ сіздерге қолқанат болады деп сенемін. Құрылысқа не қажет, қандай көмек қажет, құрылыс заттары ма, әлде құрылысшы ма, бәріне мобилді топ ұйымдастырып беруі тиіс. Сол үшін сіздерді түсіністік танытып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын», — деді Мейіржан Иябайұлы.

 

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы жаңалық

"ҚҰРЫЛЫСТЫ УАҚЫТЫНДА АЯҚТАУ ҮШІН КҮН-ТҮН ДЕМЕЙ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫР"-, ДЕДІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ ЖӘНЕ ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ БЕЛГІЛЕРІМЕН ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІН ШАҚЫРТУ САНЫ АЗАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі