Қазіргі таңда әлемдік пандемия (COVID-19) облыс аумағында өршіп тұруына байланысты қала, ауылдарда адамдар көп жиналатын іс-шаралардың ұйымдастырылуына шектеу қою бойынша:
1.Короновирус инфекциясымен немесе басқа да әртүрлі диагноздармен қайтыс болған марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу дәстүріне өзінің жақын туыстарынан бөгде адамдардың жиналуын болдырмауды.
Қала және ауылдық округтерде ауылдың дін қызметкері (имамы) мен аудандық санитарлық қадағалау мекемесі қызметкерлерімен бірлесе отырып марқұмның жақын туыстарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаназа намазында адам саны 20-дан артық жиналуын болдырмау мақсатында, 7 күндік және 40 күндік құдайы астарды қазіргі уақытта өткізуді уақытша тоқтату қажеттігі туралы нақты жұмыстар атқаруды.
2.Той, құдалық, беташар және т.б. жиындардың ұйымдастырылуын болдырмау мақсатында қала, ауылдық округтердің қызметкерлері мен санитарлық қадағалау мекемесі қызметкерлерін жұмылдыра отырып қала, ауыл округтерімен жүргізуді ұйымдастыруды.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша қала, ауыл тұрғындары арасында адам саны 20-дан артық жиналатын жаназа намаздарын, той, құдалық, беташар және т.б. жиындар ұйымдастырылуы байқалған жағдайда жергілікті тұрғындар короновирустық инфекцияның таралуын алдын-алу жұмыстарына атсалысып, Шардара аудандық ішкі саясат бөліміне (2-20-97), ұялы тел. (8775-756-53-97) және Достық ауылдық округі әкімі аппаратына (45-3-94), ұялы тел: 87059168001 нөмеріне хабарласуға болады.