Медициналық сақтандыру қоры COVID-19 қарсы күреске қатысқан 53 мың медицина қызметкеріне үстеме ақы төлейді,- деп хабарлайды https://saraptimes.kz/ ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Қазақстанда COVID-19 қарсы күреске қатысқан 53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төленуде.
Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 32 млрд астам теңге төледі.
Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. Енді ӘМСҚ маусым айына төлем жасайды.