Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ БІЛІМ МИНИСТРІ А.АЙМАҒАМБЕТОВТЫ ҚОЛДАЙДЫ

23 июля, 2020
in Білім, Жаңалықтар
0
ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ БІЛІМ МИНИСТРІ А.АЙМАҒАМБЕТОВТЫ ҚОЛДАЙДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа
Парламент депутаттарына!
ҮНДЕУ!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов
бір жыл ішінде білім жүйесінде бұрын-соңды болмаған үлкен реформа жасады.
Қысқаша шолу:
1. Сыбайластық-жемқорлыққа, әділетсіздікке әбден былыққан білім саласын қалыпқа, бірізге келтірді.
2. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалған ұлттық әліппені қайта оқу бағдарламасына енді.
3. Педагогтардың мәртебесін анықтап, ұстаздардың беделін көтерді.
4. Білім саласындағы қағазбастылықты, өтірік мәліметтерді және бюрократтық кедергілерді жойып, мұғалімдердің сапалы жұмыс жасауларына қолайлы жағдай жасады.
5. Халықпен және қоғамдық ұйымдарымен тікелей және әлеуметтік желі арқылы ашық байланыс орнатты.
6. Білім ұйымдарындағы еңбек дауларын дер кезінде шешіп,
бюрократ басшылардан қуғын көрген мұғалімдердің құқықтарын қорғады.
7. Биыл ҰБТ-ді әділ, ашық өткізді
8. Оған дейінгі министрлер «барлық білім беру ұйымдары интернет желісіне қосылған» деп жалған ақпарат беріп келседе,
індет кезінде
Асхат Қанатұлы
бұл тығырықтан шығу жолдарын тауып, студенттер мен оқушыларды қашықтықтан оқыттыра білді.
«Жүзі жылыдан түңілме!» деген қазақ. Адамгершілігімен, іскерлігімен және ұлтжандылығыменжұрт назарына іліккен министрді кландық топтардың, ұйымдардың тапсырмасы, айдаулары арқылы жала жауып, аяқтан шалуда.
МӘРТЕБЕЛІ ПРЕЗИДЕНТ!
Асхат Қанатұлы аз ғана уақыт ішінде халықтың, ата-аналар мен
мұғалімдердің көңілінен шыққан өте білімді, жоғары білікті, талапшыл, еңбекқор министр.
Мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Ел басына күн туғанда халықтың сүйікті министріне айналған Аймағамбетовке кландық күштер шүйлігіп, аяғынан шалуда.
Алайда, халық және 7 мыңдай мүшесі бар Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы
Білім министріне қарсы жасалған мындай жымысқы әрекеттерге қатты наразы. Сол себепті, Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы өте сауатты, алғыр министрді қолдап, қорғау үшін өңірлерде наразылық акцияларын ұйымдастыруға мәжбүр болады.
Конституцияның
кепілі және Мемлекет басшысы ретінде жас, іскер, жаңашыл Білім министрі А.Аймағамбетовке жұмыс жасауға, бастаған игі істерін соңына дейін жеткізуге мүмкіншілік беруіңізді халық және тәуелсіз кәсіподақ ұйымы атынан сұраймыз!
Талғат Қатауов Тұрсынғалиұлы-Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы Төрағасы. Тел. 87086297116. Орал қаласы.
Мәліміттер Талғат Қатауовтың парақшасынан алынды.

 

Алдыңғы жаңалық

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА БАРДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ДӘРІХАНАЛАР ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі