Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ИГІЛІК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТҚАНДАР КӨП

23 июля, 2020
in Ауыл, Жаңалықтар, Әлеумет
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ИГІЛІК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТҚАНДАР КӨП
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбейіп келеді. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен. Мемлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған. Бүгінгі таңда 10 жылқыдан тәулігіне 15 литр қымыз баптап, литрін 500-700 теңгеден саудалауда. Сондай-ақ, ауданда үй іргелік қоралардан бөлек 10 ірі, 12 ұсақ шаруа қожалық жылқы сүтін өндеп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Ауданда осы салаға бейімделген «Таң нұры» саумалмен емдеу орталығы бар. Сауықтыру орталығы — тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және невралогиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда сауықтыру орталығы 84 адамды қабылдауға қауқарлы болса, қайта құрылымдау жұмыстары аяқталғаннан соң қосымша 60 адамға арттыруды жоспарлап отыр.
Таулы аймақта алма бауын дамыту жылдан жылға қарқын алып келеді. 2020 жылға жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құраған. 2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 гектар жерге орналастырылды. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ. Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы — 8900 тонна.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА: АУДАНҒА РЕСЕЙ, ӨЗБЕКСТАН ЕЛДЕРІНЕН ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

Келесі жаңалық

ЕРУЛІК БЕРУ ДӘСТҮРІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі