Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ЕРУЛІК БЕРУ ДӘСТҮРІ

23 июля, 2020
in Мәдениет
0
ЕРУЛІК  БЕРУ ДӘСТҮРІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазағымыздың кеңпейілділігін, жомарттығын, қонақжайлылығын паш ететін дәстүрлердің бірі — ерулік беру. Жаңа қонысқа көшіп келгендердің алғашында үйренісе алмай тосырқайтыны заңдылық. Сондықтан дана халқымыз ерулік беруді ойлап тапқан: бұрыннан отырғандар көшіп келгендердің үйін тігісіп, барлық көрші болып, кезек-кезек қоныстанушыларды бала-шағасымен қосып, түгел үйлеріне шақырып, танысып, білісіп араласып кетуге жағдай жасайды. Үлкендер де, бала-шаға да ерулік кезінде әбден танысады. Егер көшіп келгендер жас отау болса, оларға ыдыс-аяқ сияқты ұсақ-түйек, бірақ күнделікті қажетті дүниелерді де тарту ететін болған. Осылай етене жақын араласудың арқасында бөтен адамдар туыстардай бауыр басып кетеді. Бұдан былай бір-біріне бас-көз болады. «Досы көпті жау алмайды» деген сөз бар. Досымыз көбейген сайын біз де күшейе береміз. Әрбір жергілікті жердің жазылмаған заңдары болады, бұрыннан келе жатқандар жаңа көршілерін сол заңдармен, сондай-ақ мекемелердің мекенжайымен (мектеп, аурухана, әкімшілік, т.б.) таныстырады. Қазіргі кезде әсіресе, үлкен қалаларда бұл дәстүр өкінішке орай, ұмытылып барады. Әдетте «көршіңіз кім?» деген сұраққа, «неше жыл тұрсам да білмеймін, танымаймын» деп жауап беретіндер көп. Демалысқа, іссапарға аттанғанда көршілерге пәтеріңізге көз қырын сала жүруді тапсырсаңыз, көңіліңіз алаңсыз болар еді. Аяқ астынан қонақ келіп қалса, келіп көмектесе қояды. Кейде ешкімге тісжармаған жақын сырыңызды көршіге айтасыз. Кімге болса да, ерулік беріп, жатсынбай қарсы алу дәстүрінің арқасында жер аударылған корей, шешен халықтары қазақ жеріне бауыр басып, сіңісіп кетті. Тіпті олардың біразы тарихи туған жерлеріне қайта оралса да, қазақ халқының жақсы қасиетін ұмытпай айтып жүретіндігін бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп-біліп жүреміз. Сол себепті асыл дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырғанымыз абзал болар еді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ИГІЛІК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТҚАНДАР КӨП

Келесі жаңалық

ТЫМАҚҚА САЛУ САЛТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі