Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТЫМАҚҚА САЛУ САЛТЫ

23 июля, 2020
in Мәдениет
0
ТЫМАҚҚА САЛУ САЛТЫ
0
SHARES
107
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұрпақ жаңарған сайын ұлтымыздың ғасырдан ғасыр асып келе жатқан салт-дәстүрі, әдеп ибасы кейінгі жас буынға көмескі тарта бастағаны хақ. Қайран ата-бабамыз салт-дәстүрге өте бай. Ұрпағының аман-сау өсіп жетілуіне сай әртүрлі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға барады. Бала тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі –қазақ халқы. Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Бала туатын уақытына жетпей, қандай да бір себеппен ерте туады. Егер бала күні жетпей туылса «шала туылған» деп тымаққа салып көре бермейтін жерге қояды. Ондай әлжуаз, кішкене болып уақытынан бұрын дүниеге келген балаларды қазақ дәстүрінде «шала туған бала», «шала», «жылбысқы» деп атайды. Ондай балалардың атын Шалабек, Шалабай деп қоятын дәстүрлері бар. Бала туылатын уақытына неше күн жетпей туылса, сонша күн шала туған сәбиді тымаққа салып, әрбір кереге басына сонша күн іліп қоятын ырым бар. Қазақтар баланы көп жасаған, даңсалы қария, киелі адамдардың тымағына салады. Тымақтан кейін басқа кимей сақтап қояды. Қазақ балаға тәрбиені тереңнен ұғындырған. Тымаққа жатқан сәбиге жыраулардың өнегелі сөздерін сіңдірген. Шала туылған сәбидің тез жетілуі үшін оның анасына да ерекше күтім жасап, қырық күн бойы күткен. Дүниеге сәби әкелген ананың өн бойы балбырап, буындары босап, он екі мүшесінде өзгеріс болады, сондықтан оған суық тигізбей, жылы ұстаған. Сәби тез өсіп жетілуі үшін күш қуаты мол нәрлі тағамдар берілген. Буыны бекіп, белін тез көтерсін деп атала немесе быламық пісіріп беріп отырған. Ана сүті арқылы бала тез ет жинап, салмақ қосып, тез жетілетіндіктен анасының саулығына көп көңіл бөлген. Мерзімінен бұрын дүниеге келген баланы тымаққа салып өсірсе, ал, қазіргі таңда шала туылған баланы өлшеп, кіндігін кесіп болғаннан кейін баланың жалпы жағдайы мен салмағына байланысты кувез немесе термокеруетке салады.

Алдыңғы жаңалық

ЕРУЛІК БЕРУ ДӘСТҮРІ

Келесі жаңалық

ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚАНША ГРАНТ БӨЛІНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі