Жекеменшік ЖОО-лар мемлекетіміздің білім саласында маңызды орын алары баяғыдан мәлім. Көптеген ЖОО-лар өзінің стратегиялық даму жоспарына сәйкес жоспарлы экономика жүйесін құп көріп, пайда табу көрсеткішін арттыруды көздейді.
Ал сіздер жекеменшік оқу орны бола отыра негізгі акцентті студенттерге жасалған жағдайға бөлетін оқу орны туралы білесіздер ме?!
Білім саласында 28 жылдық тарихқа ие, Түркістан облысындағы 38% астам педагогтарды дайындап шығарған, студенттерінің 75%ға жуығы алғашқы жылдың өзінде жұмыспен қамтылатын, Жоғарғы педагогикалық оқу орындары арасында үздік бестікті түйіндейтін
Жібек Жолы Халықаралық Университеті
Елімізде орын алған төтенше жағдай салдарынан халық экономикасындағы түйіткілді мәселелерді ескере отырып 2020-2021 оқу жылында оқу төлемақысын жоғарылатпауды ұйғарды.
Естеріңізге сала кетсек Мақтаарал ауданында, Арыс қаласында, коронавирус пандемиясымен күресте аталмыш оқу орны қыруар қаржы бөлген болатын. Одан бөлек оқу орнында 7000 нан астам студент болса 500 ден астамы түрлі жеңілдіктер мен университет құрылтайшыларының арнайы грантында оқиды.
Рахат Арғынбайдың парақшасынан