Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕРДІ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

23 июля, 2020
in Ауыл, Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕРДІ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келеді. Қазіргі таңда 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі Сейдазимоа Елнұр бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 көшет лимонды өсіріп отыр. Лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда. Былтыр 1 жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Сонымен қатар, ауданда қарқынды бау көлемі артып келеді. Қазіргі таңда аймақта қарқынды бау көлемі 400 гектарға жуықтаған. Қажымұқан ауыл округіндегі «KazGarden» ЖШС-і жалпы құны 2 млрд теңгеге 240 гектарға бау егуді қолға алған. Бүгінде 60 гектарға еккен, оның 11 гектары қарқынды алма бауы, 49 гектары сүйекті жеміс-жидек. Онда 4 адам тұрақты, 55 адам маусымдық жұмыспен қамтылып отыр.
Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір. Егін және мал шаруашылығы дамыған. Бөржар ауылындағы «Сабыр» шаруа қожалығы ірі қара мал мен асыл тұқымды қой өсірумен айналысады. 2005 жылы құрылған қожалықта қазіргі таңда 8383 бас уақ мал бар, оның таза тұқымдысы 4640 бас. Онда 22 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Қожалық иесі Талғат Жанысбаев шаруашылығын сүт және ет бағытында дамытып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

СҮЙІНШІ СҰРАУ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 100 ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРЫН БАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі