Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

СҮЙІНШІ СҰРАУ

23 июля, 2020
in Мәдениет
0
СҮЙІНШІ СҰРАУ
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ дәстүрінде ырым мен салттың тәрбиелік маңызы зор. Сүйінші сұрау, түйе мұрындық сұрау деген секілді салттарды біреу білсе, біреу білмейді. Бұларды кейде «сұрау салттары» деп те атайды. Енді сол сұрау салттарының бірнешеуіне тоқталып көрелік. Сүйінші – бұл әлдекімнің басына келген жақсылық пен қуанышты іске сүйіну, сол жақсылық иесін қуанту мағынасында жұмсалады. Жақсылық иесі осындай қуанышты жаршылап, екі өкпесін қолына ала «сүйіншілеп» келген адамға қашан да «қалағаныңды ал» деп, қолында барды аямай, сүйіншісін атап отырған. Ал бақуатты адамдар кейде ат-атан мінгізіп жіберетін кездері де бар. Ал қол қысқалығына қарай бір тал түйме де сүйінші орнына жарай беретін болған. Алайда «сүйінші» заттық дүниені меңзегеннен туындаған салт емес, қайта рухани көңіл-күйдің салты деп қабылдаған дұрыс. Түйе мұрындық – Қазақ салтында қалыптасқан бір кәде «түйе мұрындық» деп аталады. Қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Көш бастап келе жатқан кексе әйел оған жол өтеп, көйлек беріп құтылады. Оны қазақ кәдесінде «түйе мұрындық» деп атайды.

Алдыңғы жаңалық

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕРДІ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі