Ағылшын тілін үйрену, білу деген ана тілімізден бұрын ең бірінші басқа тілді сөйлеу деген сөз емес. Қай кезде де, қай уақытта да болмасын туған тіліміздің көкірегімізде, жан дүниемізде сайрап, жаңғырып тұратыны сөзсіз. Өзге тілді үйрену арқылы 70 тілді меңгерген әл-Фарабидің әлем таныған ұлылығы, бірнеше тілді білген Абайдың даналығы бізге өшпес мұра үлгі. Әр елдің тілі мен мәдениетін әдебі мен әдебиетін тарихы мен салт -дәстүрін біліп өткен данышпандарымыздың ілім, білімін жалғастыру осы ғасырдың көзі ашық көкірегі ояу әрбіріміздің алдымызда тұрған үлкен мақсат арман іспеттес. Президентіміз Қ.Тоқаевтың да бірнеше тілді білетінінен хабардар болсақ, ол өзінің журналистерге берген сұхбатында «Бір тіл сізді өмір дәлізіне алып келсе, екі тіл сол жолдағы барлық есікті ашады» деген психолингвист Фрэнк Смиттің нақыл сөзінен мысал келтіргенін еске алсақ көп тілді білген тұлғаның қандай дәрежеге жеткені көз алдымызда. Қазақтың әрбір азаматы жасына қарамай өркениет әлеміне аяқ басатын болсақ, осы заманның интелигентті, парасатты тұлғасына айналсақ бізден кейінгі ұрпақтарымыз майдаланбай осы жолды жалғаған болар еді. Жақсы өмір сүру деген — жақсы киім киіп, бай болып, тәтті тамақ жеу деген сөз емес, керісінше, ілімді, білімді үйрену арқылы көкжиегіңді, дүниетанымыңды кеңейтіп, рухани жан дүниеңді көркем мінезің мен көрегенділігіңмен толықтырып, жан-жағыңа шуақ шашу. Осы мақсат пен міндетті өздерінің жұмыс жоспарының ең бірінші кезеңіне қойған Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ауданымыздағы ересектер мен жастарымызға, еріктілерге үш тілді оқып үйрету басты миссиясы. Мақсат мүддеміздің әсте — әсте жүзеге асып келе жатқанның дәлелі ол 2018 жылдан бері ағылшын тілін үйреніп, тіл оқу курсынан өтіп келе жатқан ауданымыздың №8 колледж қызметкерлерінің күні кеше орталығымызға келіп түскен алғыс айту хаты. Еліміздегі болып жатқан жағдайға қарамастан қашықтан оқу арқылы онлайн сабағымызға белсене қатысқан тіл үйренушілеріміз рахметін айтып, алғыстарын жеткізуде. Орталығымыздың тіл мамандарының өңдеуінен өткен осы бір алғыстың толық нұсқасын ойлы оқырманның назарына ұсынуды жөн көрдік. Барша аудан тұрғындарын үш тілді үйренуге шақырамыз!
№8 колледж тәрбиешісі Байдуйсенова Индира Камалханқызы- ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры десек те тіл дәрежесі өз деңгейін көрсетіп отыр. Тіл – халықтың ең басты байлығы. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, бұл мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл қазақ, орыс және ағылшын халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту болып табылады. Мемлекетіміздің мақсаты айқын болғандықтан көп тілді меңгеру басты міндетіміз. Сондықтан біз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қанатты сөзді ұран қылып, үлкен-кіші, кәрі-жас атсалысып тіл үйреніп жатқан жайымыз бар. Қазіргі таңда елімізде COVID-19 індетіне байланысты Төлеби аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығымен №8 колледж ұжымының ұстаздары белсенді түрде қашықтан ағылшын тілінің оқыту курсына қатысып келеміз. Тіл үйретуші Айжан Нұрланқызының дәрістеріне қатысып, У.Шекспирдің санеттері мен өлеңдерін оқып оның мағынасын түсінгенде таңғажайып ағылшын әлеміне қалай еніп кеткеніңді байқамай қаласың. Айжан апайымызға алғысымыз шексіз. Білімді жаңартып, сауатты түрде шәкіртке білім беру басты міндетіміз. Құрбыларым мен замандастарыма ағылшын тілін үйренуге кеңес беремін.
Мен Қалдиева Дилара Бейімбетқызы Түркістан облысы Төлеби ауданындағы №8 колледждің география пәні оқытушысымын. Өмірлік ұстанымым «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес». Алайда бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек, 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» деп айтқан еді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше ұшан теңіз. Осы ретте Төлеби аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығы атқарып жатқан жұмысы біздің ұжым үшін өте тиімді. Күндегі сабақтан кейінгі уақытта келіп латын әліпбиінде қазақ тілі курсын, ағылшын тілі курстарын ұйымдастырып мұғалімнің қосымша тіл үйренуіне өз үлестерін қосуда. Орталық оқытушылары әр сабағын қызықты етіп әліпбиден бастап сөз, сөйлем құрастырып үйретіп, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударма жасатып тілге деген қызығушылықты оята біледі. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін, орталық оқытушылары!
Ал тарих пəні оқытушысы Оралбекова Айгүл Бухарқызы өзінің алғысын тілге деген қызығушылығын ағылшын тілінде жеткізуді жөн көрді.
For the second year i have been taking English courses. It helps me improve my skills. This year i want to get a certificate that i have upgrade my knowledge on average level. Thank you for organizing the training for us.
Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту және дамыту орталығы