Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫ ЕНДІ АУЫЗ СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

24 июля, 2020
in Ауыл, Жаңалықтар, Қоғам
0
ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫ ЕНДІ АУЫЗ СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Жетісай ауданының Жаңа ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының тұрғындары енді ауыз судан қиындық көрмейтін болады деп хабардайды qaraqalamnews.com ақпараттық порталы.

Бірнеше жылдан бері ауыз су мәселесінің түйіні тарқатылмай келген Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының тұрғындары жуырда базыналарын айтып Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлына барған болатын. Аудан басшысының қабылдауында болып, өтініш-тілектерін жеткізген.
Айтылған өтініш бүгінде орындалды. Аудан басшысының тікелей тапсырмасымен 2000-ға жуық тұрғыны бар Ынтымақ ауылына ескі мұнараның орынына сыйымдылығы 25 мың тонналық жаңа су мұнарасы орнатылып, іске қосылды. Сағатына 40 текше метр су шығаруға қауқарлы насостар орнатылған су мұнарасы енді ауылдағы 1000-ға тарта түтінді ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұған дейін ауылда 1000 түтінді қамтамасыз ететін су стансасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданына қарасты 113 елді мекеннің 101-і орталықтандырылған су құбырымен қамтылған. Өткен жылы Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенге 100 млн теңге, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты бір елді мекенге 79,9 млн теңге қаражат қарастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілген. 51 елді мекеннің 10-ы «Мембрана», 41-і «Омега» құрылғылары арқылы ащы суды тұщы суға айналдырып пайдаланып отыр.

Алдыңғы жаңалық

2020 ЖЫЛЫ​ ШАРДАРА АУДАНЫНДА 12 БАСПАНА ТАБЫСТАЛЫП ҮЛГЕРДІ

Келесі жаңалық

КАРАНТИНДІ САҚТАМАҒАН БАСШЫЛАР ҚАМАУҒА АЛЫНУЫ ДА МҮМКІН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі