Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

КАРАНТИНДІ САҚТАМАҒАН БАСШЫЛАР ҚАМАУҒА АЛЫНУЫ ДА МҮМКІН

24 июля, 2020
in Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
КАРАНТИНДІ САҚТАМАҒАН БАСШЫЛАР ҚАМАУҒА АЛЫНУЫ ДА МҮМКІН
0
SHARES
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев пен аудан әкімі жанынан құрылған «Жетісай Адалдық Алаңы» кеңсесінің жетешісі бастаған жұмысшы топ өкілдері қаладағы дәріханалар мен сауда нүктелерін, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен базарларды аралап, елдегі енгізілген карантиндік режимнің, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады.
«Арзан Фарм» дәріханасынан бастау алған шара қаладағы «Мечта», «Сулпак» сауда орталықтарында, «Күлпаршын Ана», «Қарақай» базарларында, кафелер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалғасты.
Дәріханаларды аралау барысында дәрі-дәрмектердің шектік бағалардан аспауы, фискальді-чек беру, сұранысқа ие дәрілердің тапшылығын болдырмау мәселелері айтылып, сауда орталықтары мен базарлардағы маскалық режимнің, арақашықтықтың сақталуын басты назарға алды.
Сонымен қатар, аудан басшысы қаланы аралау барысында көшелердегі ретсіз тасталған тұрмыстық күл-қоқыстардың уақытылы алынуын да назардан тыс қалдырмады.
«Біз үшін қазіргі таңда ең бастысы – сақтық шараларын қатаң сақтау. Тәртіпке бағынып, талаптарды сақтасақ індетті жеңіп шығамыз. Мемлекет індетті еңсеруде бар мүмкіндіктерді жасап жатыр. Сіздер мен біздер бекітілген ережеге мойынсұнып, талаптарды орындауымыз керек. Ережеге бағынбағандар заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады, қажет болса қамауға да алынады» деді аудан басшысы.
Айта кетейік, аудан басшысы нысандарды аралау барысында карантиндік режимі сақталмаған базар басшыларына максималды түрде айыппұл салуды,қажет болған жағдайда қамауға алу туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫ ЕНДІ АУЫЗ СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Келесі жаңалық

ШАРДАРА: ДӘРІХАНАЛАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА КЕМШІЛІК АНЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі