Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ЕГІСТІГІН СУ БАСҚАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАРҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

29 июля, 2020
in Ауыл, Жаңалықтар, Қоғам
0
ЕГІСТІГІН СУ БАСҚАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАРҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ
0
SHARES
100
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мамырдың басында егістігін су басқан жетісайлық шаруаларға Үкіметтен 43 млн 219 мың теңге өтемақы төленді деп хабарлайды qaraqalamnews.com тілшісі.

Көршілес Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасында орын алған апатты жағдай салдарынан Мақтаарал ауданымен қатар Жетісай ауданының да бірқатар егістік алқаптары судың астында қалды. Нақтырақ айтар болсақ, Атамекен ауылдық округінің Қоғалы елді мекенінде жалпы аумағы 42 гектарды құрайтын 14 шаруа қожалығының, Жылы су ауылдық округінің Мырзашоқы және Сейфуллин елді мекендерінде орналасқан 17 шаруа қожалықтың 153 гектар егістік алқаптарын су басқан.
Егістіктерге ентелей кірген топан су құлақ көрсетіп, бой көтере бастаған егістіктерді түгел алды. Ағын суды ары қарай өткізбеу үшін арнайы тоғандар құрылып, насостармер сулар тартылды. Су кеткен жерлерді шаруалар қайта өңдеп, екінші рет тұқым септі.

Келтірілген шығындардың орынын толтырып, зардаптарын жою мақсатында Үкіметтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде шаруалардың еккен дақылдарының түрлері мен егістік жер көлеміне қарай шығын көлемі толық есептелді.
Облыс әкімдігінің тікелей бақылауымен арнайы мамандардан құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен су астында қалған егістік алқаптардың көлемі 194,97 гектарды құрады деп нақтыланып, мемлекет тарапынан 43 млн 219 мың теңге өтемақы төленген.
«Басында бізде шығынымызды қалай толтырамыз деген уайым болды. Оны жасырмаймыз. Әйтсе де, Президентімізге, облыс әкіміне үлкен рахметімізді айтамыз – шығынымызды есептеп, толық өтеп берді. Егістігін су басқан ешбір шаруаның кеудесінен итеріп, далада қалдырмады» дейді «Абай» шаруа қожалығының төрағасы Жұмат Ауанов.
Айта кетейік, мұнан да басқа жетісайлық шаруа-дихандарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген жанар жағар май, минералды тыңайтқыштар еш кедергісіз қолжетімді бағада жеткізіліп берілуде

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 17 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНА ҚОСЫМША 100 ҚОҚЫС ЖӘШІГІ ҚОЙЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі