Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ШАРДАРАДА ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП КӨШЕЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛУДА

3 августа, 2020
in Ауыл, Жаңалықтар, Қоғам
0
ШАРДАРАДА ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП КӨШЕЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛУДА
0
SHARES
41
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен абаттандырудың сапасы қатаң бақылауда деп хабарлайды qaraqalamnews.com тілшісі.

Шағалалы аймақ – Шардарада карантиндік режимнің сақталуына қарамай құрылыс және жол жөндеу жұмыстары тоқтамаған. Мақсат – көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің ешбір қиындықсыз еркін жүріп-тұруларына жағдай жасау.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы шағалалы аймақта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 18,04 шақырым жолға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жоспарға енгізілген 21 көшенің ішінде Шардара қаласынан жалпы ұзындығы 9,84 шақырымды құрайтын Оңдасынов, Түгелбаев, Әйтеке би, Төле би және Жібек жолы көшелері бар. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Төле би көшесі бойындағы желілі саябағы мен Жібек жолы көшесі, «Үш арыс» скверін абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы қатаң бақылауда, пайдаланылып жатқан құрылыс материалдары отандық, арнайы лицензиясы бар. Жұмыс бекітілген кестеге сәйкес уақытылы, бекітілген стандарт-талаптарға сай жүргізіліп келеді. Басты мақсат – тұрғындардың ешбір қиындықсыз жүріп-тұруларына жағдай жасап, мемлекеттен қаралған қаржының әрбір тиынын мақсатты жұмсау» дейді Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Шағырбаев.
Айта кетейік, бұдан бөлек қалада орналасқан 10-ға жуық саябақтардың қоршаулары реттеліп, жол бойындағы жарықшамдар ауыстырылуда. Жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар жөнделуде.

Алдыңғы жаңалық

«НҰРЛЫ ӘЛЕМ» ЖАРНАМА АГЕНТТІГІНЕ 10 ЖЫЛ

Келесі жаңалық

ҚҰРБАНДЫҚҚА 7 ТОННА ЕТ ТАРАТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі