Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ

11 августа, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көпқабатты тұрғынүйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Қала әкімі Шымкент — ТМД елдерінің астанасы аясында қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді тапсырған болатын.

Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аяқталар болса, шаһардағы 79 көпқабатты тұрғынүйдің сырты жаңа келбетке ие болады.

Әкім тапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев баяндады.

«Республика және Тәуке хан даңғылы бойындағы шұғыл жөндеуді қажет ететін 43 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарды. Жөндеу жұмыстарын «Отау Строй», «А.Р.Т. Құрылыс», «Канфар Билдинг», «Корпорация Ақ ордасы», «Шымкент строй», «КазМедеоГранд», «БекСтройСервис», «Лидер-НК» және «Югстройсервис-Н» секілді компаниялар жүргізді. Бүгінгі таңда 43 үйдің сыртқы қасбетін жөндеу және витраж орнату жұмыстары толық аяқталды» — деді ол.

Сонымен қатар, Асар шағын ауданында көпқабатты 30 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу қажеттілігі анықталған. Бүгінгі таңда 28 үйде жұмыстар толығымен аяқталып, жөндеу жұмыстарының 90% пайызы атқарылғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығында алты үйге «А.Р.Т. Құрылыс» компаниясы жөндеу жүргізіп жатыр. 4 үйдің сыртқы қасбеті қалпына келтірілді, қалған 2 үйдің жұмыстары жақын арада бітетін болады.

Осы орайда жөндеу жұмыстары бизнестің-әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырылып жатқанын айта өту қажет.

Алдыңғы жаңалық

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БӘСЕҢДЕМЕУІН МІНДЕТТЕДІ

Келесі жаңалық

РЕТСІЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН АНАЛАРҒА БАЗАРДАН БОС ОРЫНДАР ҰСЫНЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі