Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

РЕТСІЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН АНАЛАРҒА БАЗАРДАН БОС ОРЫНДАР ҰСЫНЫЛДЫ

11 августа, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
РЕТСІЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН АНАЛАРҒА БАЗАРДАН БОС ОРЫНДАР ҰСЫНЫЛДЫ
0
SHARES
40
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам Ауданы Ақсукент ауылының Жібек жолы, Абылайхан көшелерінің қиылысында бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген ретсіз сауда мәселесі өткен аптада ушығып кеткен болатын.

Бұл тұстағы ретсіз сауда жасайтын 6 әйел азаматша «маска тақпағаны үшін карантин талабын бұзды деген айыппен әр азаматшаға 200 мың теңге айыппұл салынды» деп арыз айтқан-ды.

Ретсіз сауда жасаушы азаматшалардың арызын тыңдаған аудан әкімдігінің қызметкерлері «өгіз өлмейтін, арба сынбайтын» жолдарын жан-жақты қарастырды.

Анықталғанындай, азаматшаларға айыппұл ретсіз сауда жасағаны үшін, қоғамдық орынды ластағаны және тағы басқа жағдайларға байланысты әр азаматшаға 5-7 реттен айыппұл салынып, оның көлемі 50-190 мың теңгені құраған.

Олардың үшеуі қазіргі таңда Түлкібас, Жетісай, Шымкент қаласының Қаратау ауданында тұратыны анықталып, жергілікті әкімдіктер тарапынан тиісті көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылғаны туралы жауап жолдады.

Дегенмен, Сайрам ауданында табыс табуға кедергі келтірмеу мақсатында, ретсіз саудамен айналысқан азаматшаларға рұқсат етілген жерлерден карантин режимі біткенге дейін жалдамалы ақысынан босатылған орындар ұсынылды.

Алты әйел азаматшаның  бесеуі ұсынылған орындардан бас тартты. Оның үшеуі басқа сауда нүктелеріне баратынын айтса, бір азаматша жүктілігіне байланысты жұмысын тоқтататынын, ал бірі басқа кәсіппен айналысқалы отырғанын алға тартты. Сонымен бір ғана Н.Усенова есімді азаматша «Мереке» базарындағы орынға жайғасты. Базар басшысы Нұркен Ералиев карантин мерзімі аяқталғанға дейін орынға ақы алмауға келісімін берді.

Айта кетейік, азаматшаларға алдағы уақытта да заңдылығы мен қажеттілігіне қарай көмек көрсетіледі. Ал ретсіз сауда орындарын жою мақсатындағы жұмыстар аудан көлемінде өз жалғасын табады.

Алдыңғы жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі