Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КҮТІП-БАПТАУ ҮШІН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

18 августа, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КҮТІП-БАПТАУ ҮШІН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ
0
SHARES
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Жасыл желектің тамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбанның «қолы» қажет. Әйтпесе, төккен тер еш кетеді. Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын кезекті рет аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді.
«Түркістанның тынысына айналған жасыл алқапты арнайы мамандардың «қолына» тапсыру керек. Орман қорын баптайтын бағбандардан топ құрылсын. Көзбояушылық үшін ағаш егудің қажеті жоқ. Егілген екен, соны өсіргенше барыңды сал, еңбек ет. Қолыңнан келмей ме, маманына тапсыр. Отырғызылған көшеттерге күтіп жасап, қуратпай, өсіріп алу керек. Әйтпесе, төккен тер еш кетеді»,-деді облыс әкімі.
Түркістан қаласында көгалдандыру мен орман қорларын толықтыруға ерекше көңіл бөлініп, жасыл желекті аумақтар кеңейген. Биыл көктемде отырғызылған орман дақылдары жайқалып өсті. Жаңа аэропорт жолындағы 100 га астам жерге қарағаш, терек, үйеңкі, шаған, боз арша, талшын ағаштары егілген. Сондай-ақ, көше бойына жапондық сафора, сирия розасы мен аморфа отырғызылды.
Қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығы 100 мыңға жуық көшетпен қоршалды. Рекреациялық аймақтың жасыл белдеуі 27,2 га алқапқа, Бірлік ауылынан Қарашық өзеніне дейін 44 га алқапта көшеттер отырғызылған. Сонымен қатар Түркістан-Қызылорда тас жолы Баян ауыл жасыл белдеу 6 га алқапта тоғыз мың терек егілді. Және Түркістан –Кентау тас жолының бойындағы 80 га жерде «Жасыл белдеу» құрылған.
Экологтардың мәлімдеуінше, жаңа отырғызылған көшеттердің жерсінбеуі жиі кездеседі. Бұл әр аймақтың ауа-райына, топырағы мен суы, экологиясына тікелей байланысты жағдай. 2019 жылы күзде және биыл көктемде отырғызылған ағаш көшеттерінің қурағандарының орнына күзгі түгендеуден кейін қайта көшет отырғызылады.

 

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРАДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР «СЫБАҒАДАН» ӨЗ НЕСІБЕСІН ТАУЫП ОТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі